ӘЛЕМДІК ЖЕКПЕ-ЖЕК ОЙЫНДАРЫНАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 5 АЛТЫН АЛҚА ОЛЖАЛАДЫ

Сауд Арабия елінің Эр-Рияд қаласында Әлемдік жекпе-жек ойындары өтуде. Аталған Әлемдік додада Қазақстан құрама сапынан “Шардара Армспорт” құрама спортшылары Армрестлингтен 5 спортшымыз әнұранымызды шырқатып Ел абыройын асқақтатты. Атап айтар болсақ:
70 келіде Сарыбай Ердаулет ,
80 келіде Айдархан Нұрдаулет,
100 келіде Ақтаев Талғат ,
110 келіде Қаржау Есболат ,
+110 келі салмақта Құттымұратов Медет қарсылас шақ келтірмей алтынды олжалады.
Әлемдік жекпе-жек ойындарында 8 күннің ішінде, 16 спорт түрінен жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы 12 алтынмен 2 орынға табан тіреген болса, соның 5 алтынын абыроймен еншілеген жерлестеріміз Әлемдегі ең мықты құрама екенін тағы бір дәлелдеді. Әнұранымызды шырқатып, көк туымызды көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан жерлестерімізді және барша Қазақ елін жеңісімен құттықтаймыз!