ҮЙ САЛАТЫН ЖЕРГЕ БАЗАР САЛУ ЗАҢДЫ МА?

«Қайтпас-2» ықшам ауданы, Сырым батыр көшесінде орналасқан ағаш сататын базарда 2020 жылы 17 шілде күні өрт болған. 8 дана өрт сөндіру техникасының арқасында адам шығыны болмаған. Міне сілтемесі https://otyrar.kz/2020/07/v-mkr-kajtpas-gorit-rynok-po-realizatsii-lesa/?amp

Бір қызығы бұл жердің мақсатты тағайындауы тұрғын үйлер салу үшін.
Біздегі сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы неге бұл заңсыздыққа жол береді? Кадастрлік нөмері 19-309-073-127. Меншік иесі «Достық-Ш.А». Сіздерге ақпарат үшін. Сол маңдағы тұрғындардың айтуынша жақын жерде «Таза бұлақ» балабақшасы бар. Тағы өрт алмасына кім кепілдік береді? Адам шығыны орын алса ше?

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жаксыбаев назарға алсаңыздар. Бірақ «пожарниктер» бұл жерді білмейді дегенге сену қиын ғой.

Шымкенттің Бас санитары Тулебаев Абдиманап бұл базардың жұмыс істеуіне рұқсат берген бе?

Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті не айтар екен?!

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Ғалеке?

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Ахмет аға?