ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті. Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты.
Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% — ға жоғары (418,3 млн. АҚШ).
Осы кезеңде Түркістан облысынан экспорт 16,4% — ға өсіп, 264,2 млн. АҚШ долларын құрады. Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін жеткізудің 12,84 млн. АҚШ долларына немесе 309,4% — ға, қой еті 5,36 млн. АҚШ долларына немесе 788,2% — ға, өзге де балықтың жон еті 1,23 млн. АҚШ доллары немесе 96,1%, трансформаторлар 1,01 млн. АҚШ долл.немесе 23,5% — ға, бидай ұны 0,56 млн. АҚШ доллары немесе 14,7%ға жеткен.