Энергетика министрі ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен энеретики министрі лауазымына Алмасадам Сатқалиев тағайыналды, деп хабарлады Ақорда.
Ал экс-министр Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі болып кетті. Айта кетері, бұған дейін Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» қорын басқарған. Кеше оны осы қызметтен босатты.