Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Ойын 2 сағаттан астам уақытқа созылып, екі сет қорытындысы бойынша 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч кезінде Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Еске салайық, Аустралияның ашық чемпионатының финалында отандасымыз Арина Соболенкоға есе жіберген еді.

“Рыбакина кегін қайтарды! Елена Соболенконы Индиан-Уэллсте 7:6, 6:4 есебімен жетіп, өз мансабында алғаш рет WTA 1000 титулына ие болды”, – деді WTA турнирінің комментаторы.

Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде 7-орынға көтеріледі.

дереккөз: Stan.kz.