Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami Open турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.

Елена Рыбакина әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады.

Қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Айта кетейік, матч жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.

дереккөз: Tengrinews.kz.