Еңбек адамы Өтеген Мұса Құрбанәліұлы
Өтеген Мұса Құрбанәліұлы Сауран ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласы Мирас университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алған.
Кейіпкеріміз Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінде 2006 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 2017 жылы осы мпектепті жақсы деген бағамен толық бітіріп шықты. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жоғарғы оқу орнына түсті. Алайда 2022 жылы Мирас университетін аяқтап шықты.
Жалпы отбасында 3 адам бар. Анасы, қарындасы және өзі. Әкесі 2007 жылы дүниеден өткен. Ол волейбол, баскетбол, 9 құмалақ, шашка және т.б спорт түрлерінен турнирлерге қатысқан.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғыз-құмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.
Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:
Бірліктер-тастар құмалақтар, Сан орны-отау, Сан белгісі-отаудағы тастар саны,
Нөл-бос отау, Бөлшектік белгі-тұздық, Теңдік белгі-қазан, Қосу белгісі-ойда, Алу белгісі-ойда, Көбейту белгісі-ойда, Бөлу белгісі-ойда, Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы: Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы: Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы: Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.
Егерде, шығаратын есептің саны тоғыз-құмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.
Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:
Ондық санау жүйесі: 9 тас
Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас
Сегіздік санау жүйесі: 7 тас
Жетілік санау жүйесі: 6 тас
Алтылық санау жүйесі: 5 тас
Бестік санау жүйесі: 4 тас
Төрттік санау жүйесі: 3 тас
Үштік санау жүйесі: 2 тас
Екілік санау жүйесі: 1 тас
Санау жүйесінің бағыты: Сағат тіліне қарсы бағытта
Санау жүйесінің ережесі:
Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды.
Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.
Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.
Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.
Адамзат әлемдегі тың ғылыми жаңалықтар, озық технологияның жетістіктеріне күн сайын куә болып, оның жедел қарқынды дамуымен жарыса ой-санасы жетіліп жатқан мына заманымызда ұрпақтың ой қабілетінің өсуіне мән беріп, оның ақыл парасатын жетелей жетілдіруге назар аудару ауадай қажет екендігі сөзсіз. Балалардың ой-өрісін дамытуға, шынықтыруға, оларды тапқырлыққа, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа баулитын құралдардың қатарына әлемге әйгілі шахмат, дойбы, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ сынды зияткерлік ойындар саналатындығы туралы барша ата-аналар біледі, ғалымдар мұны әлдеқашан дәлелдеп қойған.
Бүгіндер сол ұлттық өнер, құндылықтарымыздың кейбірі жаңғырып байып, заманауи сыпатпен көркейіп, халқымызды әлемге танытып жатса, енді бірі ұмытылып өшіп кету қаупі төніп тұр. Соның ішінде тек Орта Азия халықтарына, әсіресе бізге ғана тән, бұрыннан ауылда ойналып келген ұлттық спорттық ойындарының бір түрі саналатын небір ойын түрлері бар. Осы ойындардың бірегейі – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ. Ойшылдардың дені шахматты «ойындар патшасы», 100 шаршылы дойбыны «бас уәлиге» теңеуі тегіннен тегін емес. Ал ата баба мұрасы, қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалаққа деген қызығушылық артып, оның әлемдік деңгейде дамуы, ғаламтор жүйесінің онлайн ойындарының ішінен ойнаушысының көптігі жағынан барлық ойындарды артқа тастап нағыз ақыл ой дамытуға әсері бар зияткерлік ойын екендігі дәлелденгендігін ауыз толтыра айта аламыз. «Тоғызқұмалақ» күллі Қазақстанда барша халықтық сыпат алып, Қырғыз, Қытай, Ресей және Еуропа елдерінде өзіне тән ерекшелігі – нағыз математикалық ойын ретінде танылып келеді. Тоғызқұмалақ ойыны – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын спорттың қазақтың ұлттық ойындары бес жоғары дәрежелі зияткерлік түрі бола алғаны қазақ халқының даналығының бір дәлелі. Бұл ойынының мәні – адамға үйлесімді, тіл табысып шыдайтын тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға баулитыны сияқты көптеген артықшылығында тұр.
Тоғызқұмақтың шамамамен 4 мың жылдық тарихы бар. Тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де осы ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді. Қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазақ халқының ұлы тұлғалары — Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сынды ағартушылар тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды өте сүйіп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүретін болған мәліметтер бар. Қазіргі таңда қазақтың төл ойыны — тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны деректерге сенсек, 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен шетелдерде тек қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде қазақтың ұлттық ойындары 8 жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Ең алғаш Ресей ғалымдарының бірі этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы мақала жариялайды. 1936 жылы Орта Азияда алғаш рет «Тоғызқұмалақ» кітабы жазылып, тоғызқұмалақтан ең алғаш 1948 жылы Алматы қаласында республикалық чемпионат өткен және оған 4 адам қатысқаны туралы дерек бар. Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға алғаш 1949 жылы өткен Қазақстан Республикасының ІІ чемпионатында әріптік белгілеу нотациясы қолданылса, 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді.
1974 жылы Қазақстанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылып, 1980 жылы федерацияның арнайы тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары енгізілген. Ал 1991 жылы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына жаңа толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
1979 жылы Ә.Ақшораевтың «Тұғызқұмалақ» кітабы жарық көріп тоғызқұмалақтың қыры мен сырын ашып, ойынның қағидасын, ережелерін, Қазақтың ұлттық ойындары 9 теориясын толық қамтыған алғашқы «ұстаз» ретінде танылды. Бұл ойынның жалпыхалықтық болып етек алып өркен жаюына осы тұлға орасан үлес қосты десек ешкімнің таласы тумас деп ойлаймын. Бұл кітап тоғызқұмалақ туралы алуан алуан еңбектердің «атасы» іспетті. Тоғызқұмалақ даму тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін әлемдік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді. 2008 жылы Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Президенті — А.Байменов болып тағайындалды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды. Сол жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының — www.9kumalak.com ресми сайты жұмыс жасай бастады. Қазақтың ұлттық ойындары 2009 жылдың 15 қыркүйегінен канадалық Арти Сандлер, германиялық Ральф Геринг және қазақстандық Серік Ақтаевтің бастауымен әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалды. Сонымен бірге интернетте қазақ, чех, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде сайттар ашылып, тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламасы жасалды. 2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан І Әлем Чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа-Барбуда – 2 адам, Әзірбайжан – 1, Германия – 1, АҚШ – 1, Испания – 1, Қазақстан – 6, Қырғызстан – 6, Қытай – 2, Өзбекстан – 4, Грузия – 1, Монғолия – 6, Түркия – 2, Түркменстан – 2, Ресей (Алтай, Башқұртстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) – 6, Чехия – 1, Швейцария – 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысса, 2012 жылдың 13-20 шілде аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан ІІ Әлем Чемпионаты өтті.
ІІ Әлем Чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Қазақтың ұлттық ойындары 11 Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысады. Ал, 2017 жылы Астанада өткен 4 әлем біріншілігіне 4 құрлықтың 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмылықшылар қатысқан. Бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты, тоғызқұмалақ ойыны әлемде қалай дамып, етек алып бара жатқандығын осы мысалдардан-ақ көріп, көз жеткізуге болады. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің сөзсіз, қуатты құралы бола алады.