Еңбек адамы Мырзатаев Бахытжан Нурлыбекович
13
Мырзатаев Бахытжан Нурлыбекович 1990 жылы қаңтардың жиырма төрті күні дүниеге келген.
Қазіргі таңда Сауран ауданы Қазақстанның 30жылдық ауылында тұрады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған.
Қазақша күрестен Республикалық турнирлердің чемпионы, Қазақша күрестен облыс чемпионы, Марафон 21 км жүлдегері
2021 – 2022 жылдар аралығында Алтынғасыр бала бақшасында денешынықтыру мұғалімі
2022 – 2023 жылдар аралығында Сауран ауданы мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінде Әдіскер нұсқаушы болып жұмыс атқарып келеді.
Қәзіргі уақытта Сауран ауданы №1 БЖСМ КММ-де Әдіскер қызметін атқарып жатыр.
Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды.
Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.
Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.
Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.
Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция,Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.
Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс.Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру жәнеарба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
алықаралық футбол ассоцияацияның (IFAB)[5] әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі — қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.[6]. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты — матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. Ойын мақсаты — команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса — тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса — матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап,«Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.
Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.
Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы — шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.
Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді. Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.
Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.
19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.
1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды[8].
Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (FIFA), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. 1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп тұрады.
Кейіпкеріміз ұқыпты, ақ көңіл, еңбекқор, адамдармен тез тіл табысады, өз алдына мақсат қоя алады. Спорт падишасы саналатын футбол атауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлержетерлік. Футбол ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейін қалай жеткенін біреу білер, біреу білмес. Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде. Аяқ доп ойынының алғашқы түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Рим елдерінде пайда болып, кейіннен Франция мен Италияда дамыған.
Футболға ұқсас ойын түрін үнді елі Тапа Банка Яп (допты лақтыру)деп аталса, Эскимостар тунгатгак, Қытайлар цуцзю деп атаған. Францияда па супь, Италияда кальчио деп атаған. Римдіктер гарпастум (қол добы) деп кеңінен тараған. Бұл ойынды қолмен де, аяқпен де ойнаған.
Бұл ойынның қатыгездікпен ерекшелінетін ережесі сан рет өзгерген
Деректерде Англияда аяқ доп ойынының 1660ж таққа ІІ Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англияда футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде жабайылықпен ойнайтын болған.Ойнаған кездерінде көшенің астын үстіне шығаратын.
Шотландықтар мен ағылшындар футбол ойнағанда өліп тірілгеніне қарамайтын, жұлысып, тармасып тартысып, тебісіп, аузы мұрнын қанатып, ісініп, нағыз жабайылықпен ойнайтын болған.Сондықтан билік футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тіпті король футбол ойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған.
Мәселен 1314ж король Эдуард ІІ Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылған. Тіпті 1389ж король Ричард ІІ сарай маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Бірақ Англияда бұл ойын танымал болғаны соншалық король жарлықтары да мұның алдында жарамай қалды. Алғаш рет дәл осы ойын Анлияда бұл ойын Футбол деген атпен атала бастады. Футболдың отаны Англия дейді. 1863ж Англияда алғашқы ережесі бекітіліп, қауымдастығы құрылды. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салған. Тіпті қақпашының өзіне допты қолмен тосып алуына тек 1871ж ғана рұқсат етілді. ХІХ ғасырдың соңына дейін қауымдастық футбол ойынының ережесіне тағы өзгерістер келді. Мысалы 1871ж доптың өлшемі көлемі бекітілді. 1872ж бұрыштан ұру,1878ж төрешіге ысқырық, 1891ж бастап қақпаға тор байланатын болған.
Евгений Один футбол жылнамашысының деректеріне сүйенсек, “Ярыш” халықаралық сахнада өнер көрсеткен алғашқы қазақ командасы еді. Футбол ойыны күннен -күнге дамып, халықтың сүйікті спорт түрлерінің біріне айналған. Осылайша, бұл ойын Павлодар қаласына да жеткен. Павлодарда 1915-16 жылдары “Ястреб” және “Звездочка” командалары құрылып, олар көршілес жатқан губернияларының командаларымен бақ сынасып, бірнеше рет жеңіске жеткен болатын. Бұл кездесулердің нәтижесінде футбол ойыны Орта Азия мен Сібірге таралып кетеді. 1928 жылы Петропавлда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының губерниялары арасында алғаш рет ресми түрде жарыс ұйымдастырылады. Жарысқа қатысқан футболшылар ішінен қазақ тарихындағы алғашқы футбол құрамасы ұйымдастырылып, осы ұжым I Бүкілодақтық жұмысшылар спартакиадасының іріктеу ойындарында өнер көрсеткен. Осы жарыс аясында қазақ құрамасы бес кездесу өткізіп, ұпайлар саны бойынша екінші орынға ие болған. 1937 жылы қазақ командасы тұңғыш рет кәсіпқой клубтар арасынан КСРО чемпионатына қатысып, Кеңес Одағының III Чемпионатында алматылық «Динамо» командасы үшінші орынды еншілеген болатын. 1948 жылы спорттық ұжымдар арасынан алғашқы Қазақстан Кубогі турнирі ұйымдастырылған еді. Бәсекелестерінен басым болып шыққан қарағандылық «Динамо» командасы тамаша өнер көрсетіп, ақтық сында жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогін қоржындарына салған. 1951 жылы Кеңес үкіметі «ВЦСПС Кубогі» атты жарыс ұйымдастырып, бұл додада бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген ондаған командалар өнер көрсеткен. Қазақ футболы халықаралық деңгейге шыққан кез 1957 жылға тап келген. Осы жылы алматылық «Қайрат» командасы Финлядияның «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген. Екі жылдан кейін Қазақ КСР футбол федерациясы өз жұмысына кірісе бастады. 1968 жылы қазақ футбол тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі орын алды.
Сол жылы Кеңес үкіметі КСРО футбол федерациясына қарасты «Б» санаттағы қазақ аймағын құрып, алғашқы жарысқа 21 клуб қатысқан. Осы 21 клуб ішінен жезғазғандық «Еңбек» жүзден жүйрік атанған. Дәл сол жылы кәсіби клубтар арасындағы тұңғыш Қазақстан Кубогінің жарысы ұйымдастырылып, ақтық сында бас жүлдеге целиноградтық «Динамо» қол жеткізген. Бірте-бірте қазақ футболшылардың есімдері бүкіл Кеңес Одағына таралып, үздіктер қатарынан біздің саңлақтарымыз да көріне бастады. Осылайша, 1971 жылы “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, КСРО чемпионатының жоғарғы дивизиондағы «Үздік жаңа есім» атағына “Қайрат” командасының қорғаушысы Сейілдә Байшақов қол жеткізген. Сол жылы ұйымдастырылған Бүкілодақтық “Переправа” атты турнирінің жеңімпазы болып Қазақстанның жастар құрамасы танылды. Қазақ футболшыларылары Еуропа елдерінің жасыл алаңдарында да өнер көрсетіп, 1976 жылы алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен оның павлодарлық аттасы Кадейкин Еуропада өткен жасөспірімдер чемпионатында жеңіске жеткен. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылар Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қазақтың атын бүкіл әлемге паш етті. 1988 жылы Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиадалық ойындарда алматылық “Қайрат” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Яковенко турниде керемет ойын көрсетіп, қазақ футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді. Сол жылы алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогін жеңіп алып, ақтық кездесуде бакулік “Нефтчи” командасын 4:0 есебімен жеңген. Келесі жылы қазақ жерінде ҚазКСР футбол ассоциациясы құрылды.
Осылайша, қазақ футболының қалыптасуы мен дамуы бір ғасырға жуық уақытты қамтып келеді. Жас әрі болашағы зор мемлекетімізде арнайы спорттық мекемелер бой көтеріп, футболдың дамуына ықпал ететініне сеніміміз кәміл.