Еңбек адамы Мауленов Умитжан Саттарович
Мұғалім — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Еңбек адамы Мауленов Умитжан Саттарович қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі.
Ұстаз — ұлы есім. Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана бола білген кісі. Ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иеді деп ойлаймын. Кез келген адам ең алғаш осы өмірге алып келген анасына алғыс айтса, екінші кезекте өзіне білім берген, сапалы ілім берген ұстаздарына алғысы шексіз болуы тиіс.
Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздерінің жаны бар, барлығы да мұғалімнің бізге берген сарқылмас білімі мен баға жетпес тәрбиесінен бастау алады. Ұстаздың жүзі жылы, көңілі жұмсақ келеді. Әр оқушысын өз баласындай көріп, өз баласындай асыл тәрбиесін берген ұстаздардың жұмысы әрдайым жоғары бағаланады. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та¬бандылықтың үлгісін көрсетуші. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Әр уақытымызды құрметтеп, мейірім шуағымен бөліседі. Өмірін ұстаздыққа арнаған адам өмірінің соңына дейін құрмет көшеметке ие болмақ.
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты 1 жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Бұл салада қызмет етіп жүргеніне 8 жыл уақыт болған.
2015 жылы жұмысқа орналасқаннан кейін, 2016 жылы Республикалық мұғалімдерге арналған байқаудан 1 орын иегері болған. 2018 жылы Модератор дәрежесіне көтерілген, кейіннен келе 2020 жылы сарапшы педагог дәрежесіне көтерілген. Жұмыспен қатар кейіпкеріміз 2020 жылы Шымкент қаласы, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік университетте магистратура деңгейін оқыған.
Кейіпкеріміз бала күнінен бері мұғалім болуды армандаған. Мектеп қабырғасында жүргенде сабақ беретін мұғалімдерге қатты қызыққан екен. Сол бойына мұғалім болуға қызығушылығы оянған. «19 ғасырда өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин айтқандай Жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі дейді. Мұғалім болып жұмыс атқару кез келген адамның қолынан келе бермейтін мамандық түрі. Мен мамандығыммен мақтанамын» — дейді қазақ тілі маманы. Ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік «меніне» құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А. Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі ретінде баланың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бізге арнайы талаптар қойылады дейді маман.Баланы жан жақты дамыту үшін 4 дағды бар. Олар айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. Бала осы 4 дағдыны жетік меңгерсе, көпшілікпен коммуникация жасай алады екен.
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек.
Жалпы мұғалім деген бір сөздің ішінде қаншама педагогикалық ұғым бар.
Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу, сыйлау,ерекше сезіммен жақсы көру және оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Алдына қандай іс түссе де оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Мұғалім – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы.
Жалпы бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем:
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.
Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі — “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.
Мұғалім бүгінгі қоғамда «қозғалтқыш», үдеткіш рөлін атқарады.
Себебі: жас ұрпақтың тәрбиесіне, жаңа және озық технологиялардың дамуына, қоғамның прогрессивті дамып, қалыптасуына үлкен үлес қосуда.Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс.Осы аталған ұзақ процесске мұғалім елеулі үлесін тигізеді.
Сондықтан, бұл жерде мұғалімнің рөлі жинақтауға ғана емес, ол жинақталған құнды тәжірибені әрі өрбітуші тетігінің негізгі буыны болып табылады..
Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол, содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды, қарым-қатынас және мінез-құлық тәжірибесін, қоғамның мәдениетін бағалау, сарапшы ретінде әрекет болып табылады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.
Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.
Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.
Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.
Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттық ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т Мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы
шарт.Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететеін тұлғаға айналуы қажет.
Кейінгі кездерде ұстаз беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес.Бұлар мыналар:
– “ұстаз болу үшін, ұстаз болып туу керек” деген қағидаға
жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі;
- жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда
беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
- мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне
алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
- төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу- тәрбие жұмысына
пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
- мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер,
адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
- қоғамдық орын, қалың жұртшылық пен мектеп арасындағы
байланыстың үзілуі;
- төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық
технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Бір жақтылықтың, бір сарындылықтың белең алуы;
- ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне
жариялауға енжарлық танытуы;
- ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен
салыстырғанда төмендігі;
- ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әр кезде тиісті бағасын беріп
отырудың өз дәрежесінде болмауы және т.б.
Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар:
- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болу керек;
- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
- үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулауға міндетті;
- төртіншіден, мұғалім- педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
- бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген екі есе оқу”
Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу , тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру.Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас педагогке жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Жас мамандардың тіршілігін, еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек.
Сөз соңында мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалім, үйінде 2 баланың әкесі. 1992 жылы Иқан ауылында дүниеге келген. Өзі аяқтаған мектепте мұғалім ретінде сабақ беру арманы болған екен. Негізгі бағыт бағдар берген Махсуда және Наргиза апайларға алғысын жеткізді.