Еңбек адамы Дастанбек Равшанов Дилмуратұлы

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.

Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.

ың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

 

 

 

 

 

Жаһандық әлемде қарым-қатынастың басым бөлігі ағылшын тілінде жүргізіледі. Барлығымыз білетіндей қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік тілге айналды және басқа тілдермен бірге жақсы қарым қатынас жасауға мүдделі. Ағылшын тілін үйретуде, әсіресе мектеп оқушыларын оқытуда олардың барлық зейінін тілге бұру маңызды рөл атқарады. 21-ші ғасырдың оқушыларының қажеттіліктері 20-шы ғасырдың оқушыларынан қатты ерекшеленеді. 21-ші ғасырдың сыныбында мұғалімдер оқытудың үйлестірушілері және нәтижелі сынып ортасын құрушылар болып табылады, ондай ортада оқушылар өздеріне күнделікті  немесе болашақта қажет болуы мүмкін дағдыларды дамыта алады.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі  құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам  адам  сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы  Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып,  мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткен. Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Дастанбек Равшанов Дилмуратұлы Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі иқан ауылының тумасы. Қазіргі таңда  1 мектептің жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және педагог сарапшы. 6 жыл мектеп қабырғасында қызмет етіп жүрген маман иесі. Ең алғаш 2018 жылы Кентау қаласы 3 білім инновация лицейінде ағылшын пәнінен сабақ беріп бастаған. Қазіргі таңда ауылдағы мектепте сабақ береді. Кейіпкер Кентау қаласында оқушыларды халықаралық байқауларға дайындаған,  солардың ішінен 1 оқушысы халықаралыө байқаудан жүлделі 3 орынға ие болған және Америкаға жолдама жеңіп алды.  Маманның тағы бір оқушысы Республикалық лингвистика олимпиадасының 1 орын иегері атанған. Сонымен қатар кейіпкеріміз мектепішілік «Үздік ұстаз» номинациясын иеленген.

«Педагог мектептің жүрегі. Оқушыларға жол көрсететін және білім нәрімен сусындатып отыратын тұлға. Әрине, бұл өте жоғарғы жауапкершілікті талап ететін мамандық, ұстаздық ету әркімнің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу – бұл жоғарғы дәрежелі маман деп білемін» — дейді педагог сарапшы.

Айта кетейік, ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто — лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай және испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.  Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-Еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді.

Маманның мамандық таңдауына отбасы үлкен рол атқарған. Анасы мұғалім болғандықтан баласының мұғалім болғанын қалаған. Қызығы кейіпкеріміз де мұғалім мамандығына жастайынан қызыққан. Қазіргі таңда ағылшын пәні мұғалімі 5 айлық кішкентей сәбидіңк әкесі екен.

Мұғалім ретінде  «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген ұстанымы бар маман, «сабағымды бастаудан алдын оқушылармен тәртіп бойынша келіссөздер жүргізіп аламын» — дейді

Ағылшын пәнінің мұғалімі ретінде кейіпкеріміз кабинетке кірген кезде әр түрлі тілмен амандасып кіреді екен. Оның айтуынша, бүгін ағылшынша, ертең француз тілінде, келесі сабақта испан тілінде сәлемдессе, оқушылар таңғалып тіл туралы ақпарат сұрастырады екен.