ЕҢБЕК АДАМЫ: Бурханова Сарбина
Қазіргі таңда ауылға қолдау керек-ақ. Соның бірі мал шаруашылығына қатысты. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осы мәселеге баса мән берді. «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді»
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясына, кәсіби өмірлік бағытты жобалауға және мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқтала кетсек.
Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Солардың алдыңғы қатарында ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар. Бұл саланы дамытуға қазір көптеген кадрлер даярлау басты назарға алынып отыр.
Агроном мамандығы бойынша жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? Өз іс-әрекетінің нәтиежесін алдын ала болжай алу, өздігінен шешім қабылдай білу, күтілмеген жағдаяттарда тез іс-әрекет жасау, есте сақтау қабілеті жоғары болу, болып жатқан нәрселерге мән бере қарау, денсаулығы мықты.
Қазір ауыл шаруашылығы саласына жоғары өнімді жаңа техника, жаңа өндірістік технология ене бастады. Сол себепті ауылға жаңа мамандық иелері өте қажет болып отыр. Бұрынғы егін, мал шаруашылығы салаларындағы мамандықтар да уақыт ағымына қарай жаңа түрге, жаңа кәсіптік өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, бүгінгі ауыл шаруашылығы мамандарының міндеттері мен жұмыс ауқымдары жаңа мән мен мазмұнға ие болғанын аңғаруға болады.
Бір сөзбен айтқанда, ауылға өз кәсібін теориялық және практикалық тұрғыдан терең білетін және түсінетін, оқымысты да ақылды жас кадрлар аса қажет. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар үшін ауылға келіп жұмыс істегендерге көптеген бағдармалар бар. Соның ішінде «Дипломмен ауылға», «Қазақстан 2020» бағдарламасы және де т.б. көптеген мүмкіндіктер бар. Сондықтан, қазіргі мектеп бітірген түлектер «қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде ойланғаны абзал.
Сондай пайдалы мамандық иесі Кейіпкер Бурханова Сарбина 1992 жылы Ескі Иқанда дүниеге келген. Ветеренария саласында оператор болып жұмыс істейді, биыл 13 жыл толады. Отбасылы, 2 баласы бар, ата-енесімен бірге тұрады. Басында компьютерлік мамандығына оқуға түскен, ол жақты бітіріп, жұмыс іздеп жүрген кезінде, ағасы жұмысқа шақырып, қолдау көрсеткен. Содан кейін ветеринария мамандығын сырттай оқып алған, қазіргі таңда екі саланы ұштастырып жұмыс істеуде.
Ағасының жасы үлкен болған, 50 ге жақынап қалған кісі. Жанына құжаттарын сеніп тапсыратын адам керек болған соң, өз қарындасын шақырған, айлықты ағасы беріп жүрген.
Өмірде басты ұстанымы – барлық істе адалдық.
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Ешбір мұра адалдық сияқты бай емес» — Уильям Шекспир. Шындығында адалдық – қасиет. Шыншылдық эссе адалдық сипатын сипаттайды. Адалдық эссенің маңыздылығын атап өтуге болмайды.
Алайда, адалдық қасиеті біздің қоғамда әрқашан қажет емес. Қоғам арамдық иіскейтін сияқты. Адалдық — бұл әркім өзінен ұялмай, бойына сіңіруі керек мінез.
Адалдық шыншылдықты, жақсы адамгершілік қасиеттерді, жағымды және ізгі қасиеттерді білдіреді. Бұл көптеген этникалық және діни мәдениеттердегі құнды байлық.
Эдвин Сэндистің айтуынша, адалдық – ең жақсы саясат.
Адалдық туралы эссе жазу арқылы болмаса, шыншылдықты мадақтаудың немесе сынаудың ең жақсы жолы қандай? Адалдық туралы ойыңызды төгу үшін адалдық туралы эссе жазуға арналған нұсқаулықты білу және түсіну өте маңызды.
Екіншіден ,тәрбие маңызды.
Қазақ халқы ежелден тәрбиеге ерекшемән берген. «Бала тәрбиесі-өнер, жеке бір ғылым болуды тілейтін өнер»-деген, Мағжан Жұмабаев. Осы сөзде ерекше мән мағына жатыр емес пе?
Бала тәрбиесінің білімді, өнегелі, саналы, жақсы адам болып қалыптасуына үлесі зор. Бау-бақшаны қарап , баптап өсіретіні секілді. Бала тәрбиесіне де ата-ананың, бала-бақшаның, мектептің алатын орны ерекше. Ата-ана балаға көргенін ,білгенін, өмірден түйгенін айтып, көрсетуінің өзі тәрбиенің басы.
Қызы анадан үйренбей өнерге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.- дейді, халық даналығы. Ана қызына, ата ұлына білгенін айтып отырса бұның өзі бала тәрбиесіне үлес қосып, жақсы азамат болып қалыптасуына маңызы зор. Балаға өз тіліңмен мен емес, баланың тілімен сөйле дейді халық даналығы. Міне, ата бабамыз баланы қалай тәрбиелегенін осындай дана сөздерінен көруімізге болады.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің бірі. Жас жеткіншек, келешек азамат, ал жастарымыз біздің болашағымыз. Кейбір ата- ана біз баламызды материалдық жағынан қамтамыз етсек сол жетеді деп ойлайды. Бүлдіршін кез мінез-құлық, адам бойындағы қасиеттердің қалыптасатын кезі. Бұл уақытта – отбасынан берілген тәрбиенің маңызы зор. Бірақ тәрбие жағы балабақша мен білім ордаларына тапсырып жататынын көріп жүрміз. Бұл дұрыс әрекет деп ойламаймын. Иә, рас мектеп тәрбиенің түрлі факторларын үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Білім ордасы тәрбие мен білімді қатар үйретені де рас.
Тәрбиесіз алған білім , адам заттың қас жауы-деп ата бабаларымыз айтып кеткен. Бірақ, ешқандай орта отбасынан, ата-анадан алған тәрбиені алмастыра алмайды. «Ата дан бала тусайшы, ата жолын қусайшы»- дегенде, атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеттерді үйретіп , қалыптастырудың еш жамандығы жоқ деп ойлаймын. Сан ғасырлық тарихымызды, ұлттық құндылғымызды , дініміз бен ұлттық тәлім-тәрбиеге ерекше мән беріп осы қасиеттер тал бойында бар жасөспірім жеткіншек, ең бірінші отбасының мақтанышы, ата-анасының мерейі. Егер атаның қанымен, ананың сүтімен берілген қасиеттері мол, ата- ана тәрбиесін көрген жастарымыз көп болатын болса, онда болашағымызда жарқын деген сөз. Келешегіміз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.
Тәрбиелі адам қандай болуы керек? Ондай адам жұмсақ әрі ұқыпты болады, ол орынды сөйлейді және барлығымен байланыс орнатуға тырысады. Мұндай адам жанжал кезінде өзін-өзі ұстай біледі. Дауласуды ұнатпайды, ашуы келсе де, өз эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады. Достарының арасында ұялы телефонымен, үстіндегі киімімен немесе қымбат сағатымен ешқашан мақтанбайды. Тәрбиелі адамның алдынан көптеген есіктер ашылады. Бұндай кісі кез-келген ортада өз орнын таба алады. Себебі, сыпайы, әдепті, жанашыр және тәртіпті адамдармен барлығы дос болғысы келеді. Ал, тәрбиесіз адамдар әрқашан артта жүреді, олардың достары аз және болашағы қараңғы болады.
Ал, тәрбие отбасыдан басталады.
Отбасы- болашақтың тірегі.Содан біздің ертеңгі ел басқарар азаматтарымыз шығады емес пе.Бала шырылдап дүниеге келгеннен бастап сол ұяда не көрсе соны іске асырады.Ата – ана баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді.Отбасы қандай жолды таңдауына дұрыс бағыт берсе. сол жол өміріне мол азық берер.
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала әкесі мен анасының іс әрекетін қайталайды.Сөйлеген сөзі де үлгі болар,айтқан ақылы азық болар ата-әжелердің тәрбиесі ерекше ғой.Ананың әлдиі арқылы бойына дарыған асыл қасиеттерін өскенде басқаға айырбастап кететіндер де баршылық.Ондайдан аулақ әрине.Бірақ сол жолды таңдаса ешкімде тіпті ата-анасы да тосқауыл бола алмайды.Сонда оған кінәлі кім?Бұл сұраққа жауапты ешкім таба алмас.
Сенің балаң жақсы десе әке,шешең қуанар,балаң жаман десе мұңаяр.Бірақ біз өзіміз таңдаған жолға түсеміз дейді түсінігі аздар.
Отбасында дастархан басында балаға жан-жақты тәрбие берілсе санасы барлар ұғар,санасы жоқтар қалар.Оларда ата-ана болар,сонда бәрі тым кеш болғанын біледі.Ата-ананың қадірін ,балалы болғанда білерсің демейме.
Тәрбие саналы берілсе бала ешқайда қашпайды.Мынау кімнің баласы десе ұялмай айтатындай ұл өсір.келін болып ақ босағаны аттап түскенде мынау қандай анадан тәрбие алған десе көзіне шұқитындай қылығы аз қыз өсір.
Тәрбиені отбасынан бастап дұрыс берсек болашағымызға қорықпай аяқ басайық.Балаңда алда отбасы боларын сезінсін.Өмір сүрсең адамша өмір сүрейік.Өзімізде ұялмайық,өзгені де ұялтпайық.
Кейіпкеріміз ағасының жанында жүріп тәжірибе жинаған, сол саланың қыр-сырларын үйренген. Қазір Ескі Иқанда 26 маман бар. Олар азанда сағат 9 да жиналады. Барлығы бір күндік жұмыс жоспарын жазады, өздеріне бөлінген аймақтарға жұмыс бойынша кетеді, малдарды дәрілейді. Лабораторияға қан сынамаларын алып барады, базаға түсіретін вакциналарды реттейді. Түсте 2 сағат үйге барып келуге уақыты бар.
Басында отбасы, күйеуі бұл салада жүруіне, жұмыс істеуіне қарсы болған, жалақың аз, бірақ көп уақытың жұмыста өтеді деген кездері де болған. Уақыт өте келе, әйелінің жұмыстарын көрген, халық мақтаған, содан кейін қарсылық көрсетпеген. Қазір кейіпкеріміз жұмысының жеңілдеп,базаның жақсы жұмыс істейтінін айтып өтті, қол астында екі жұмысшысы да бар. Бұрын техникалық жағынан қиындықтар болса, қазір барлығы жүйелі түрде жүріп жатыр.