ЕҢБЕК АДАМЫ: АШИРБЕКОВ ОРЫНБЕК СЕЙІТБЕКҰЛЫ

 

Кейіпкеріміз 1979 жылы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ветеринар-техник мамандығын бітірген. Сол жылы вет-техник болып жұмысқа орналасқан. Сауран ауданы Шорнақ ауылы Қосмезгіл елді мекенінде туған. Отбасылы, 4 баласы бар. Шорнақ ауылдық округте мал дәрігері

Мал дәрігері болуды кейбіреулер сәннен қалған деп менсінбейді. Бұл — сұранысқа ие мамандықтың бірі.

Ауылдық жердегі мал шаруашылығын былай қойғанда, қалада ит, мысық, алақоржын тышқан, тотықұс, т.б. өсіретіндер мал дәрігерлік емхананың табалдырығын тоздырады.

Мал дәрігерлікті тәмамдағандар мал дәрігерлік дәріханада, зертханада, емханада, мал шаруашылығында, кеденде, аң өсіретін фермада, хайуанаттар бағында және азық-түлік базарларында жұмыс істейді.

Қаладағы кейбір мал дәрігерлік емханалардың жанында жануарларға арналған қонақ үй бар. Ұзақ уақыт демалысқа басқа жаққа кететіндер үйіндегі жануарларын осындай қонақ үйлерге еш алаңсыз қалдырып кете алады.

Мал дәрігерлері жан-жануарлардың ауруларын емдейді, әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасайды, малдан алынған ет, сүт, т.б. өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жарамды-жарамсызын айырады. Дегенмен ойланыңыз, жан-жануарларға қамқорлық жасау сізге ұнайтын болса ғана бұл мамандықты таңдай аласыз. Себебі, жақсы теориялық біліммен қаруланған өз алдына, аяғынан тік тұрып қызмет қылу үшін ұзақ жүріс-тұрысқа шыдамды болып, әрбір жануардың өзіне тән исіне төзу екінің бірінің қолынан келмейді.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін үкімет тарапынан мал дәрігерлік мамандыққа қолдау көрсету жайлы сөз болып жатыр. Себебі, мал ауырса ауыл шаруашылығына шаш-етектен шығынға батып қана қоймайды, адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндіреді.

.Бұл салаға келгеніне 40 жыл болған. Бастапқыда сүт-тауар фермасына практикант ретінде келген, кейін жұмысқа орналасқан. 2000 мал болған басында. Колхоз тарағанша солай жұмыс істеп жүрген.

Ұстаздары: Ақболатов Шалабай сол кездегі колхоздың бас дәрігері, Жұман Камилхан врач, Досметов Розибай деген ұстазы болған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫМДА МЕН КӨРГЕН ҚАУІПТІ ДЕРТ – СІБІР ЖАРАСЫ»

Сібір жарасы (түйнеме) – зооноз тобындағы жедел жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы терілік, өте сирек  ішектік, өкпелік  және сепсистік формада өтуі мүмкін.

Аурудың қоздырушысы – таяқша пішінді, қозғалмайтын аэробты бактерия. Бұл бактериялар адам мен жануарлардың ағзасынан тыс жерлерде споралар түзуге қабілетті және олар физикалық-химиялық әсерлерге өте төзімділік танытып, қоршаған ортада ондаған жылдарға дейін сақталады.

Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз  – үй жануарлары (ірі қара мал,  қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде)  және бактерияның спораларымен ластанған  тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.  Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының белгілері мен аурудың ағымы. Ауру көбінесі тері жамылғысын зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Дененің ашық жерлері зақымдалады.

Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін дақтың орнында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін іші серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы кезден бастап оны карбункул деп атаймыз. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады. 1-2 аптадан кейін карбункулдың ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды қабыршаққа  айналады. Осы қабыршақ айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көміртәрізді көрінеді. Сондықтан оның аты грек тілінен аударғанда «anthax – көмір» деген мағынаны білдіреді. Оның айналасында сезімдалдық мүлде болмайды.

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай қабыршақ түсіп, оның орны тыртықанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жерлері – аяқ-қол, мойын және желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС дейін көтеріледі.

Үрдістің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары арқылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада оның сепсиске ұласуы сирек кездеседі.

Адамда ауру 90-95%  дейін терілік формада болады. Терілік форма 80% жағдайда жеңіл түрде, 20%  ауыр түрде өтеді. Дер кезінде емделмеген немесе  кеш емделген терілік түрде өлім 5% дейін жетеді. Ішектік формада ауру ауыр уланумен, геморрагиялық энтероколитпен көрініс береді, үрдіс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік түрінде ауыр геморрагиялық плевропневмония дамиды. Өкпелік-ішектік формаларында өлім 80-100% дейін жетеді.

Аурудың бастапқы кезеңіндегі айтылған белгілер байқалған жағдайда науқас немесе оның жақындары оны міндетті түрде ауруханаға жеткізіліп медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен толығымен жазылып кетуге болады.

Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинаны егу үй жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Адам ағзасында Сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн.

Сонымен қатар осы аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларды да бақылауда ұстау қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау – дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар Сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.

Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Мустафа Төребек. Шинжириллаев Нұрлан, Холходжаев Рахматулла деген шәкірттері бар.

« ШӘКІРТКЕ ҚОЯР БАСТЫ ТАЛАБЫМ – ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Жауапкершілік – ол табысты адамның маңызды қасиеттерінің бір. Өмірде өзіне толық жауапкершілік алған адам ғана жетістікке жете алады. Әдетте балаларды есептемегенде бұл қасиет барлық ересек адамға тән. Себебі балалар есі кіргенге дейін өзінің ата-анасына тәуелді болып келеді. Алайда өкінішке орай, кейбір ересек адамдар қандайда бір қиыншылықтарға немесе сәтсіздіктерге жолыққан кезде өзінен жауапкершілікті алып тастауға ұмтылып, түрлі сылтау іздей бастайды.

Жауапкершіліктен қашудың мысалдық сөздері мынадай:

– егер пәленше болмағанда…

– балалар маған жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді…

– сен менің өмірімді бұздың!

– тек байлардың ғана жолы болады т. б.

Жетістікке жету үшін өміріңізде болып жатқан бар жағдайларға жауапкершілік ала білуді үйрену өте маңызды. Бұл өз әрекетіңіз немесе немқұрайлығыңызға ғана емес, сізді қоршаған жайттар мен адамдарға да жауапты бола білу дегенді білдіреді. Мәселен, бала тоқсанды үздік бағаларға аяқтады делік. Оның ата-анасын мақтаныш сезімі билейді, ол бірінші кезекте достарының алдында баласының жетістігімен мақтана алады. Ал егер баласы тоқсанды «екілікпен» аяқтаса, «Ақымақ, әкесіне (анасына) тартып кеткен» дейтін сөздер шығады.

Неге біз жетістіктерді әрекетіміздің жемісі түрінде көреміз(оған біздің қатысымыз болса да, болмаса да), ал сәтсіздіктерді біреуге жүктей салуға дайын тұрамыз? Неге? Өзгенің алдында «жақсы» болып көріну үшін бе?

Әрине «жақсы» болып көрінгіміз келеді, бірақ ол үшін баланың тірлігін доғарып, өмірде болып жатқан барлық нәрсенің жауапкершілігін өз мойынмызға алуымыз керек, сонда ғана жетістік шын мәнінде орынды болады, ал өмір жолында кездесетін сәтсіздіктерден сабақ ала бастайсыз және алдағы уақытта оларға жол бермеуге тырысасыз

 

 

Иә, адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан да  ұлы күреспен ғана  жүзеге асырылатыны хақ. Олай болса, XXI ғасырдың жастары  қандай  болмақ? Қазіргі кездегі   тәрбие  ісін ойға алғанда, баланың жан қуаттары өсуіне орай, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті  ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан, бүгінгі  тәрбиеге жаңаша көзқарас мәселесі оны іске асырушы мұғалімге де жаңаша талап қойып отыр. Ұстаз тәрбиесінің мақсаты  баланы дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайықты азамат етіп шығару.

 

Данышпан Абай атамыз  айтқандай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» . Абайдың бұл жерде көксегені – ойлы азамат. Көкірегінде көзі, бойында тулаған қайраты бар азамат.  Әрбір  халық өз ұлты  үшін  қызмет ететіндіктен, мұғалім баланы ұлттық  тәрбиемен  сусындатуға міндетті. Яғни, қазіргі қазақ мектептерінің  алдындағы міндеттерінің бірі  жеке тұлғаны алдымен ұлттық руханиятта тәрбиелеп, тәрбиелі жасқа өркениеттік  білім беру. Баланың бойындағы ізгі қасиеттердің  іргесі  мектеп  қабырғасында қаланады. Білім ордасындағы әрбір  тұлғаның  келешегіне  бағыт-бағдар беруші, жөн сілтер жолбасшы – мұғалім болуы тиіс. Сондықтанда осындай  жауапкершілік  жүктелгеннен кейін  біздерге, яғни  сынып жетекшілерге де сын болып отыр. Өз тәжірибемнен  байқағаным: баланы  жақсылыққа жетелеп жанастырар да, жамандықпен адастырар да  — мұғалім болғандықтан  ұстаз болу жеткіліксіз,  ол үшін асқан білік иесі, ұсталық та, ұстамдылықта қажет.  Балаға объект ретінде емес, субъект ретінде  қарауға үйренуіміз керек.  Баланың сезіміне әсер ету  арқылы ішкі дүниесін ояту нәтижесінде оның  дүниетанымы қалыптасады. Алдыңдағы  әрбір баланың  жеке басындағы қасиеттерін дұрыс тани  білу үшін психолог болудың  кемдігі жоқ.

Шәкіртке қоятын талаптары: жауапкершілікті сезінсе, жұмыстарды сапалы, тиянақты орындап, халықпен жақсы қарым-қатынас орнатса дейді.