Дінге бет бұрған Алтынай Жолдыбаева қандай мейрамдарды тойламайтынын айтты

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі қазір көптеген мерекелерге Ислам тұрғысынан қарайды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Сіз үшін мереке деген не? Қандай мейрамдарды атап өтесіз?” деген оқырман сұрағына Алтынай: “Бұрын мен барлық мерекелерді жақсы көріп, тойлайтынмын. Көңіл көтеріп, дәмділеп тамақтанатынбыз. Қазір мерекелерге Ислам тұрғысынан қараймын. Тек мемлекеттік және діни мейрамдарды дәріптеп, атап өтемін. Батыстан келген майрамдарды мүлдем тойламаймын. Бұл мерекелердің көпшілігі харам оқиғалардан бастау алады. Мысалы, рождествода жұрт білетін Санта адамдардың тілегін орындайды-мыс. Мейлі ол Санта болсын, Аяз ата болсын. Қалай атасаң да, бұл кейіпкер өз мәнін жоғалтпайды. Әулие Валентин де христиан дінінің өкілі”, – деп ойын ашық білдірді Алтынай.

дереккөз: Stan.kz.