«Дәстүр салтым-асыл қазынам» атты дәстүр кеші ұйымдастырылды

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасында  «Жаңғыртайық дәстүрді» жобасы аясында «Дәстүр салтым-асыл қазынам» атты дәстүр кеші ұйымдастырылды. Кеш балалар кітапханасының оқырмандары Айғаным мен Нұрайдың орындауында дәстүрлі әнмен бастау алды. Кеш барысында балалар салт – дәстүрге арналған өлеңдерді нақышына  келтіре айтып берді. Бала жанына ізгілік пен инабаттылық дәнін себетін тәрбиелік мәні зор қазақтың ырым — тыйымдарын, мақал -мәтелдерін айтып, ой жарыстырып Ерсұлтан мен Інжу жинақылық пен шапшаңдылық  танытып сыйлықтарға ие болды. Кешіміздің ең үлкен сыйлы кәдесін «Тұсаукесер» рәсімін Ырыс апамыз атқарды. Нұрсұлтан есімді кішкентай балапанның  тұсауы кесіліп, күрмеуі шешілді. Ақнұрдың орындауындағы «Ата — әже» әні кештің шырайын ашып, бәріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешіміздің қазыналы кейуаналары кеш қатысушыларына, балаларға батасын берді. Кеш өз деңгейінде көтеріңкі  көңіл — күйде  өтті.