Брендке құқық – бизнеске қорған: Түркістан кәсіпкерлеріне зияткерлік меншікті қорғау жолдары түсіндірілді
Түркістанда кәсіпкерлердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және бизнестегі брендтердің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Кездесуде тауар белгілерін тіркеуден бастап, жосықсыз бәсекелестіктен қорғану мен зияткерлік меншікті бизнестің құнын арттыратын актив ретінде пайдалану жолдарына дейінгі өзекті мәселелер талқыланды.
Қазіргі нарықта кәсіпкер үшін сапалы өнім өндірумен қатар, сол өнімнің атауын, брендін, сыртқы бейнесін және іскерлік беделін қорғау да аса маңызды. Себебі тұтынушы танитын атау мен қалыптасқан бренд – кәсіпкердің нарықтағы жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен инвестициясының нәтижесі.
Осы бағыттағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты.
