Бір өзінде – 5 мың қой!

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Отырар ауданында соңғы жылдары қой шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысып, табысқа кенеліп отырған шаруалар аз емес. Соның бірі – аудандағы «Сызған» шаруа қожалығы. Нұрсұлтан Есенбайұлы басқаратын қожалық аймақтағы асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуды қолға алғанына 10 жылдан асқан.
Қазіргі таңда шаруа қожалықтағы асыл тұқымды «Қисары» және «Арашан» тұқымының саны 5 000-ға жақындаған. Қожалық бүгінде мал бордақылау ісін де қолға алып, 700 қошқар бордақылап отыр.
Шаруа алдағы уақытта бордақылау алаңын одан әрі кеңейтуді көздеген. Себебі бордақы малға деген сұраныс көп. Қазіргі таңда 1 250 гектар жайылымдық жерді игеріп отырған қожалық 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.