БАҒЫТЫ АЙҚЫН — «AMANAT»

Баршаңызға белгілі, ҚР Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезі өтті. Онда партияны модернизациялау бойынша айқын басымдық беретін негізгі жеті бағыт ұсынылды. Партияның атауын «AMANAT» етіп ауыстыру мәселесі қаралып, сайланған делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Партияның басты міндеттерінің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жалғастыру.

«AMANAT» партиясының трансформациясы бұл — Халықпен тығыз қарым-қатынасты орнату үшін мәслихаттар мен Парламент депутаттарының, басқа партия жетекшілерінің шалғай елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты көшпелі кездесулерін өткізу. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, мәселелерді шешуді тездетуге және әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік жасау. «AMANAT» партиясының негізгі бағыттары төмендегідей болмақ;

1.Халықпен кері байланысты күшейту.
2. Сайлауалды уәделер толығымен орындалуын толық қадағалау.
3.Қалалық партия филиалы жанынан қала тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылайтын орталық пікірталас алаңын ашу мүмкіндігін қарастыру.
4.Аудандық партия филиалдарына қарайтін ірі Бастауыш партия ұйымдарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу мүмкіндіктерін қарастыру.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік және партиялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейту.
6. Аймақтың «Jas Otan» жастар қанатының қала жастарымен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту.

1 наурыздан бері «AMANAT» партиясының трансформациясына халық көзқарасы өзгеріп үлгерді. Партия жауапкершілігін күшейтіп,халық мүддесі үшін жұмыс істеуде. Оған дәлел азаматтардың жеке қабылдауға көптеп келуі және олардың шешілуі. Алдағы уақытта партия ел игілігіне жұмыс істейтініне кәміл сенемін.

Жаңа Қазақстанның дамуына «AMANAT» партиясының үселі көп. Аталған бағытты жүзеге асыруда партияның басты миссиясы. Партия тек атауын ғана өзгертіп қоймай, халықтың сұранысына қарай толық өзгеруде.

Мемкелет басшысы ХХІІ Съезде партия саяси күштер мен қоғамды «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы негізгі міндеттерді шешуге жұмылдырады деген болатын.

Бұған дейін өз жұмысын ашық көрсетіп жүрген партия жанындағы қоғамдық кеңестердің жиындары тікелей эфирде көрсетіліп жүр. Бұл бастамалар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог қалыптастыруға көмектеседі. Ел мүддесі үшін әлі талай жұмыс істейтін «AMANAT» партиясына халықтың сенімі басым.

 

Дастан Баширов, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі.  Шымкент қаласы.