БҮГІН ШЫМКЕНТТЕГІ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДЕ ЖАРЫҚ СӨНДІРІЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласындағы бірқатар көшелерде электр қуаты уақытша сөндіріледі.
Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, 6 сәуір күні сағат 10:00-18:00 аралығында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Атап айтатын болсақ, Абай ауданына қарасты Самал-2 шағын ауданы, Хайруллин, Сүлейменов, Тайманов, Серікбаев, Абсейтов көшелерінде (ВЛИ-0,38 кВ ГКТП-18) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Гагарин, Ломоносов, Театральная, Водопьянова көшелерінде (ВЛ-0,4кВ ТП-593 РУ-0,4 кВ) абоненттерді СИП-ке қосу жұмыстары жүргізіледі.
Ал, Әл-Фараби ауданында Желтоқсан, Шаймерденов көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан (РП-25 РУ-0,4 кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ, Нұрсат шағынауданында 41-73 коттедждерде, 25-31 үйлерде ТП-3 Нұрсат РУ-10кВ техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Еңбекші ауданы Солтүстік Шығыс шағынауданындағы Үш өзен, Тараз көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан (ГКТП-3,8,11) РУ-0,4кВ және трансформаторда техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, Тұран ауданы бойынша. Асар шағын ауданы Жаңақұрылыс көшелерінде электр энергиясы уақытша сөндірілетін болады. «Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС тарапынан ГКТП-50 РУ-0,4кВ және трансформаторда техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Одан бөлек, Тассай шағынауданындағы Есалиев, Шойынбаев, Пернебек, Абдразақов көшелері мен Солтүстік-Батыс шағынауданындағы Әлімтау, Тарақтас, Бектау, Талас, Төлендіұлы көшелерінде (ГКТП-9,10 РУ-10/0,4кВ) техникалық жұмыстар жүргізіледі.