Қазығұрт: Тұрбатта атқарылған шаруа көп

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай жергілікті атқарушы билікке орасан зор міндеттер жүктеліп отыр. Ауылдағы азаматтардың әлеуметтік мұң-мұқтажын тыңдап дер кезінде шешуде аудан басшысы А.Абдуллаев бар күш жігерін салуда. Сонымен қатар ауылдағы түрлі атқарылып отырған жұмыстардың басы қасында жүруде.

Тұрбат ауылы округінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша егін және мал шаруашылығы қолға алынған. Атап айтар болсақ ауыл округінде жалпы ауыл шаруашылығы жер көлемі 17303 га, одан 5737 га тәлімі егістікті құрайды. Сондай ақ, ауыл округі көлемінде 174 шаруа қожалығы, 10 өндірістік кооперативі және 2 ЖШС тіркеліп қарқынды жұмыстар атқарып келеді. Ауыл округінде жылыжай жұмысы қолға алынып бүгінгі таңда 16 шаруа қожалығы, 160 жеке тұрғын үйлер жылыжаймен айналысып 1 жылда екі өнім алуға қол жеткізіп тұрақты жұмыспен қамтылуда. Сонымен қатар ауыл тұрғындары мал бордақылау алаңдарын ашып ауыл азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуда. Атап айтар болсақ А.Ашаматов 100 бас, А.Қоқақов 80 бас, А.Амирсаитов 60 бастық мал бордақылау алаңдарын салып қарқынды жұмыс жүргізуде.

2022 жылы ауыл округі бойынша 5 шағын жобаның 2 жобасы іске қосылып 5 адамды жұмыспен қамту арқылы жұмысқа қабылданып тұрақты жұмыспен қамтылды.

Аудан әкімінің басшылығымен Тұрбат ауылы округіндегі Тастақ сай өзені арқылы өтетін көпір құрылысы 2021 жылы басталып 2022 жылы халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына еді. Жобаның жалпы құны 172 123,0 теңге. ТС-Таукент ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Қызылдихан елді мекеніндегі ауыз су жүйесін Мелиатр ЖШС ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуде 2023 жылға өтпелі. Жобаның жалпы құны 693798,0 теңге. Тұрбат ауылы округі Еңбек елді мекеніндегі Жаңағасыр, Наурыз көшелеріне газ тарту жұмыстары жүргізіледі, жоба құны 9 млн теңге. Дин-Нур ЖШС жүргізуде. Өндіріс елді мекеніндегі М.Сабиров көшесін орта жөндеу 2021-2022 жылдар мердігер ШДС ӨК құрылыс жұмыстарын жүргізді жалпы құны 83111,0 теңге. Сонымен қатар аудандық маңызы бар Қызылдихан елді мекеніндегі жол құрылысы ағымдағы жылы басталып 2023 жылға өтпелі. Жалпы құны 98181,558 теңге. Ауыл округіндегі өзекті мәселелер кезең кезеңімен атқарылып келеді.

Жалпы ауыл округінде ауыл тұрғындарымен, еріктілермен және ауыл әкімінің аппараты қызметкерлері мен бірге сенбілік тазалық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді. Біздің ортақ мақсатымыз мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әр ауыл тұрғының тұрмыс жағдайын жақсарту.

Ұланбек ЗАИРОВ,

Тұрбат ауыл округі әкімі

аппаратының жетекші маманы.