Қазақстандық журналистер халықаралық жарысқа қатысты

 

Грузия астанасы Тбилиси қаласында танымал спорт комментаторы Котэ Махарадзені еске алуға арналған турнир өтті. Аталған жарысқа Қазақстан журналистер құрамасы да қатысты. Аман Тасыған, Асыл Махметов, Әлімжан Асқар сияқты танымал журналистер ойнаған команда бесінші орын алды. 

Қазақстан сапында Асыл Махметов турнирдің үздік ойыншыларының бірі болып танылды. 

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы дәл осы турнирде Қазақстан құрамасы чемпион атанған болатын.

2024 жылы БАҚ арасында футболдан халықаралық турнир Қазақстанда өтеді. Аталған жарыс марқұм комментатор Амангелді Сейітхановты еске алуға арналмақ.