Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
Елімізде жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкері күні аталып өтіледі. «Бірінші байлық – денсаулық» десек, адам саулығының сақшылары – дәрігерлер қауымы қандай құрметке де лайық. Екі жылға созылған пандемиямен күрес барысында адамзат баласы медицина мамандарының өлшеусіз еңбегі мен көзсіз ерлігіне тәнті болып, қадірін түсінгені анық. Індетпен күрес ақ халатты абзал жандарға өзге де мамандық иелері секілді кәсіби мерекелерін ауқымды түрде атап өтуге бөгет болды. Алайда биыл дәстүрлі мереке өз жалғасын тапты әрі ерекше сипатта салтанат құрды.
Медицина десе алдарыңызға не елестейді? Шприц, ақ халат, аурухана, медициналық эмблема, науқастар…Ал бұлар тек сырт көзбен қарағанда байқалатындар, ал оны жетік оқып, меңгерген адамға «медицина» сөзі ең асыл, қымбат, шексіз мағыналы сөз дер едім!
Дәрігер — арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата — бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер!
Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Иә, айта кету керек, қазіргі кезде дәрігерлер жайлы жағымсыз әңгімелер, оқиғалар жетіп артылады. Дәрігерерді қатыгез, жауыз ретіндеде сиппаттап беретіндер баршылық.
Сондықтан «медицина» ғылым саласын таңдамастан бұрын оны да ескере кеткенің абзал! Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек.
Кейіпкерімі Сейтова Ақмаржан Әуелбекқызы 1981 жылы 18 қазан күні
Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауылында туған. 1988-1999 жылдар аралығында осы ауылдаға Қызыл Әскер атындағы жалпы орта мектепті үздік бағаға бітіріп шыққан және 2000-2007 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультетіне грант негізінде оқуға қабылданып, 2007 жылы интернатураны бітірген. Содан соң “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен жұмысқа орналасқан мамандардың бірі. Жұмысы Шорнақ ауылына қарасты Шорнақ ауылдық амбулаториясынан басталған, балалар дәрігері болып жұмыс атқарған.Жақсы балалар дәрігері – балалар бойында кездесетін ауруларды керемет меңгерген маман. Ол ауруды оған тән белгілерінен біле алады. Қабылдауға келген баланың дене қызуын, дем алуы мен жүрек соғуын тыңдап тексереді. Тексерістен соң қойылған диагноз бойынша ем шара тағайындайды.
Жоспар бойынша бұл маман кабинетіне жиі тексеруге келушілер – нәрестелер мен олардың ата-аналары. Педиатр-дәрігер баланың салмағын, дұрыс өсіп жатқанын тексеріп, ата-аналарына қажетті кеңес береді. Сондай-ақ, жас аналарға нәрестеге дұрыс күтім жасауды, дұрыс тамақтандыруды үйретеді. Нәрестенің бойында ешқандай ауытқулар болмауын қадағалайды.
Емхана аумағына тіркелген учаскілердегі бір жасқа дейінгі балалардың денсаулығын үйіне барып тексеріп жүреді. Педиатр бұл шараларды баланың салмағы мен бойын, физикалық және психологиялық дамуын қадағалау мақсатында жүргізеді. Алдын-алу ем шараларын тағайындайды. Қандай ауа-райы болмасын, дәрігердің парызы – кішкентай нәрестені үйіне барып тексеріп, қадағалау.
Балалар дәрігерінің міндетіне баланың денсаулығын емдеу мен алдын алу шараларын жүргізу ғана емес, баланың өсу динамикасын қадағалау мен оның ана-аналарына бала күтімі туралы кеңес беріп отыру да кіреді. Бүгінгі таңда педиатрия саласында балаларды қауіпті жұқпалы инфекциялардан қорғау мақсатында екпе жұмыстарына үлкен көңіл бөлінген.
Барлық медицина қызметкері секілді, балалар дәрігері де адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Биология, ботаника, химия, физика пәндері бойынша білімі жоғары болуы тиіс. Бұл дәрігер әр сөзі, әр істеген ісі үшін жауапты.
Балалар дәрігерінің бойында балаға деген сүйіспеншілік қасиет басым болуы шарт. Бұл мамандық иесінен ашық жүзді, ілтипатты, өз жұмысына жауапкершілікпен қарай алатын жан болғаны талап етіледі. Сонымен қатар, көпшіл, сырт келбеті тартымды және сабырлы сөйлей алатын жан болғаны жөн.
Егер пациент денсаулығы ауыр халдегі жас бала болса, мұндай жағдайда дәрігерге шұғыл және дұрыс шешім қабылдауға тура келеді.
Бұл жұмыстың қиын тұстары – балалардың қай жері, қалай ауырып тұрғаны туралы дұрыс түсіндіре алмауы (әлі сөйлей алмайтындары да бар). Мұндай жағдайда дәрігерге өте зерек болу керек. Көптеген кішкентай балалардың ауруханаға барғысы келмейтіні түсінікті. Сол себепті де, қобалжып тұрған балаларды тыныштандырып, дұрыс жол таба білу балалар дәрігері үшін маңызды.
Күнделікті әртүрлі жастағы және түрлі мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау үшін балалар дәрігерінен шыдамдылық пен эмоциональды салмақтылық талап етіледі. Жыл мезгілдеріне байланысты қозатын кезең аурулары тұсында физикалық шыдамдылық та керек.
Бұл мамандықты таңдауына әкесі ықпал еткен. Кейіпкеріміз мектепті үздік бағаға бітіргеннен кейін, экономист мамандығында окуды армандаған, мектепте болашақта кім болу туралы эссе немесе шығармалар жазатын болса, әрдайым мен экономист болам деп отырған. Бірақ аттестатты қолына алып, университетке дайындалып жаткан кезінде әкесі жанына шақырып:
-Қызым біздің әулетке бір медицина маманы керек, сенің білімің, шапшандылығың осы саланы меңгеріп, халыкка адал қызмет етуіңе көмектеседі деп кеңес берген, сол күннен бастап кейіпкеріміз медицина саласына қарай бет бұрған. Себебі әкем маған сеніп тұрғанда, мен сол үмітті ақтап, әкем айтқан кеңестерге кұлақ асуым керек деп ойладым дейді, кейіпкер.
Кейіпкеріміздің пікірі бойынша Бірақ өткен өміріме назар салсам, бұл мамандықты тандағаныма өкінбеймін, жұмыс өтілім 16 жыл. Оқу бітіріп келген кезімде ауылға бардым, сол жақта жұмыс істедім, әкем өзі орналасуыма бағыт-бағдар көрсетті, маған сенетінін айтқан кезде, үлкен мотивация алып, шабыттанып кететінмін. Бізде техникалық жетіспеушіліктер болды, басында бекер осы жаққа жұмысқа орналасыппын деген ойлар келетін, уақыт өте келе дамып, техникалармен қамтамасыз етілдік, сосын біздің емханада кадрлар тапшылығы басым еді. Сол кезде өзіміз гнеколог, акушер болатын едік. Қазір сол емханамыз үлкейіп, өзіндік статуска ие болды, кадрлар тапшылығы жоқ қазіргі танда!
Әрине, әр мамандықтың өзіндік қиындығы болады, бастапкы кезде келген пациенттермен тіл табысу сәл қиынға соққан, кейде жұмысымыз оларға ұнамай қалатын сәттері болған. Солардың арқасында тәжірибе жинап, кемшіліктерімізді жойып келе жатырмыз.
Осы салаға келгендегі бакытты шақтарымды айтатын болсам:
Мені бір күні облыс орталығында орналасқан емханаға жұмыска шақырды, сол жаққа орналасып, енді кызметіме кірісіп жаткан кезімде, бұрынғы пациенттерім келіп, сіз менің дертіме дауа тауып, емдеп бергенсіз, сіз берген дәрілер-тез нәтиже берді, сол үшін тағы сізге қараламыз деп келіп жатты. Сол кездегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын…
Қазіргі танда өз мамандығымды жақсы көремін, адамдармен коммуникация орнатып, солармен жұмыс жасап, дертіне дауа болып жатқаныма қуаныштымын! Бұл мамандықтың болашағы зор, осы салаға оқуға түсем десеңіздер: білімді, шыдамды, сабырлы, табанды болуларыңыз керек! Оқуда қиналсаңыздар да, қанша жылдарыңыз кетсе де, ерен еңбектеріңіз міндетті түрде ақталады!