«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысыңыз

Жас мамандар университетті немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер әдетте тәжірибесі бар кадрларға басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында Қазақстанда 2020 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жұмыссыз NEET санатындағы жастардың қатарын көбейтпей еңбек етіп, отбасы бюджетін көтеруге атсалысып жүрген талапты жастардың барлығы қуантады. «Еңбектің наны тәтті» демекші, адам өміріне адал еңбектің тигізер пайдасы қашанда зор болмақ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары іске асырылуда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша қатысу мерзімі – 18 ай болуы тиіс. Қатысушылар: жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар (әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар). Еңбекақы мөлшері – 30 АЕК (2023 жылы-103500 теңгені) құрайды.

Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде ЖОО түлектеріне), жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары,  жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады.

Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.

Алғашқы жұмыс орындары Мансап орталығымен жасалған шарт негізінде ұйымдастырылады.
Жобаға жастардың қатысу ұзақтығы 18 айдан аспауы тиіс. Ай сайынғы жалақы барлық салықтарды ескере отырып, 103 500 теңге (30 АЕК) құрайды.
Жұмыссыздарға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, кәсіптік білімі бар; жұмыс тәжірибесі және зейнетақы жинақтары жоқ жастар.
Жұмыс берушілерге қойылатын минималды талаптар:
-1 жылдан астам қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорын;
— салықтар мен басқа да төлемдер бойынша берешегі жоқ.
Толығырақ ақпарат алу үшін Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы Жібек Жолы көшесі №66 мекен-жайына немесе : 8 (72544)21-1-*67 тел. хабарласыңыз.