«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» партиясы аудандық филиалдарының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерімен жиын өтті.

Жиын барысында азаматтардың ұсыныс талап-тілектері тыңдалды.

Кездесуде қала тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін жолға қою, экологиялық жағдайды жақсарту, зейнет жасын төмендету, азық-түлік бағасын бақылау және кейбір дәрі-дәрмектерді тегін беру, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді және әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыру және тағы да басқа түйінді мәселелер төңірегінде ұсыныстарын айтты.

Аталған кездесу Әл-Фараби ауданында да өтті. Аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы Сәкен Мәжінбеков №19 мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесуде Сәкен Аралбайұлы педагогтармен еркін форматта диалог құрып, соңғы жылдары елімізде жүріп жатқан саяси реформалардың мақсатын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде ұстаздар қауымы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, талап-тілектерін жеткізді.