ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН 500-ДЕН АСТАМ ШЫМКЕНТТІК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде қайтарымсыз грант алған 1195 азаматтың 506-ы көп балалы отбасы мүшелері. Мемлекеттік қолдауға өтініш берген шалғай елдімекен тұрғындары көбіне мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес жоспарлар ұсынған.

Солардың бірі — Күмісбек Жанбыршиевтің отбасы. Қаржылай көмекке 4 бас ірі қара сатып алған «Алтынтөбе» елдімекені тұрғындары сүт өнімдерін сатып, отбасын асырап отыр.

«Көзін тапса мал шаруашылығы өте табысты, қолайлы кәсіп. Себебі, қазір табиғи сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Күн сайын дүкендерге айран, сүт, ірімшік пен қаймақты өткізіп табысымызды еселеп жатырмыз», — дейді Күмісбек Жанбыршиев.
Мемлекеттік грант иеленгендердің бірі — Тоғжан Жонаева. Көп балалы ана алдағы уақытта осы кәсіп түрін кеңейтіп, мал басын арттыруды көздеп отыр. Тоғжан Жонаева  осылайша үйде отырып-ақ, табыс табуда.
Айта кетейік, биыл да «Бастау Бизнес» жобасы аясында азаматтардың жаңа бизнес идеяларын қолдау шаралары жалғасын табады.