«АДАЛ КӘСІПКЕР» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өткізілетін өңірлік «Адал кәсіпкер» байқауының басталғанын хабарлайды.

📋 Байқау номинациялары:
✅ «Үлгілі салық төлеуші»
✅ «Әлеуметтік жауапты бизнес»
✅ «Қауіпсіз өндіріс»
✅ «Ашық бизнес»

👤 Байқауға кімдер қатыса алады?
* Түркістан облысында кемінде 2 жыл тұрақты қызметін жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлер;
* Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ субъектілер;
* Еңбек заңнамасының талаптарын сақтайтын кәсіпкерлер.

📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 31 шілдеге дейін.

📩 Қатысу үшін өтінімді Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасына немесе аудандық және қалалық филиалдарға тапсыруға болады.

Адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстанатын кәсіпкерлерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!