Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты ескеалуға арналған XXV «Күрес түрлерінен фестиваль» өтті

Ұлттық спорт түрлері және Күрес кафедрасының ұйымдастыруымен 2022-жылдың21-22-қазан аралығында Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған «Күрес түрлері фестивалі» өтті. Қабден Байдосов ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері. КСРО спорт шебері. 1934 жылы Семей облысының Георгиевка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматыға келіп, Қазақ дене шынықтыру институтына шаңғы спорты кафедрасына оқуға түсті. Екінші курста күреске бөліміне ауысты. Қазақстандағы еркін күрестен КСРО-ның алғашқы спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, көптеген одақтық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1957 жылы дене шынықтыру институтын бітіріп, Қабден Байдосов күрес кафедрасында оқытушы болып еңбек жолын бастап, бертін келе кафедра тізгінін қолға алған. Онда еркін күрес бойынша мамандандыру курсын жүргізді және жаттықтырушылық қызметпен белсенді айналысты. Студенттері дзюдо, самбо, еркін, қазақ күресі, грек-рим күрес түрлері бойынша сайыстарға қатысты. Елімізде және шетелдерде күрес түрлерінің дамуына орасан үлес қосты.

«Күрес түрлері фестивалін» жыл сайын ұйымдастыруға ҚазСТА басшылығы және Қ.Байдосовтың туған- туыстары ат салысып жүр.

Жыл сайын өткізілетін «Күрес түрлері фестивалінде» қазақ спортының жарық жұлдыздары:  Алмат Кебиспаев, Асхат Дильмухамедов, Ануар Сариев, Даулет Теміржан  сынды Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем Чемпиондары, спорт ардагерлері қатысып академия студенттеріне өздерінің  тәжерибелерімен бөлісті. Биылғы фестивалде ҚазСТА-ның спорттық-көрініс залында күрестің әр түрінен Қазақ спорт және туризм академиясы жәнеӨзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінен келген 100-ден аса студенттер еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, белбеу күресі, самбо және қазақ күресінен палуандар өз өнерлерін ортаға салды. Осы жылы Ұлттық спортымызды ұлықтау мақсатында тоғызқұмалақ ойынын жарыс жоспарына қостық.

Қ.Р.Байдосовтың әріптестері, туған-туысы жәнеҰлттық спор түрлері және күрес кафедрасыоқушылары «Күрес түрлерінен фестивалді» жоғары дәрежеде өтуге бар ынтасын салды. Көрермендер мен қатысушылар өткен күндерді еске ала отырып,палуандар шеберлігін тамашалап, қолдау көрсетті.