ЕҢБЕК АДАМЫ: Ахмедова Нилуфар Мамаддинқызы

Кейіпкер Ахмедова Нилуфар Мамаддинқызы Сабыр Рахимов атындағы жалпы біілм беретін мектепке бастапқыда 2012 жылы әлеуметтік педагог болып жұмысқа тұрған. Ол салада 2 жыл жұмыс жасағаннан кейін, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына көшкен. Жалпы алғанда жұмыс өтілі 14 жыл.

Мектептегі әлеуметтік педагог кім?

Әлеуметтік педагог– ол отбасы мен оның баласы білім алатын білім беретін мекеме және басқа ұйымдар арасында өзара әрекетті қамтамасыз ететін адам.
Мектептегі әлеуметтік педагог мектептің барлық оқушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін зерттеумен айналысады, әртүрлі әлеуметтік пайдалы қызметтер ұйымдастырады, бала мен отбасының құқығын қорғауды қамтамасыз етеді және әлеуметтік қолдау жасайды, ата-аналар мен педагогтердің қызметін қиын балалардың тұлғасының дамуына кері әсердің алдын алуға бағыттайды .
Әлеуметтік педагогтің мектептегі жұмысы өзара әрекеттен тұрады:
— «тәуекел тобы» балаларымен;
— Ата-аналармен;
— Құқық қорғау органдармен;
— әлеуметтік қорғалмаған балалар отбасымен;
— педагогикалық ұжыммен.

Әлеуметтік педагогтің лауазымдық міндеттері

— мектеп ұжымында дұрыс ахуал жасау ,әсіресе сынып ішінде;
— оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру,оларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа тарту , социумда әлеуметтік-педагогикалық әрекет, ересектер мен балалардың ынтымақтастығын ұйымтастыру;
— оқушылардың отбасымен, әсіресе «тәуекел тобының», үнемі байланыста жасау;
— балалардың құқығын қорғау,оның ішінде ата-аналар қатыгездігінен;
— мұғалімдер мен оқушылар арасында адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыру;
— дау-жанжал жағдайынан шығуда балалар мен ата-аналарға көмек көрсету оказание;
— мемлекеттік қызметтер мен басқа да қоғамдық ұйымдар алдында балалар мен олардың мүддесін қорғау;
— психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу.
Өз жұмысын дұрыс орындау үшін әлеуметтік педагог құқықты:
— муниципалдық органдар мен үкімет органдарында балалардың өкілі, мүддесін қорғаушы болу(сотта, милицияда);
— отбасы туралы ақпарат жинауға ,әлеуметтік сұрақтарға және диагностика жасауға;
— қоғамдық мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге әлеуметтік педагогтің ресми қызметіне байланысты ресми талаптар жіберуге;
— отбасы тәрбиесі тәжірибесін тексеру бойынша жұмысқа: үй аралау тұрмыс жағдайын, тазалығын анықтау үшін, сабаққа келуін бақылауға алу, көршілерінен сұрауға.
Мүгедер балалар, аз қамтамасыз етілген,қамқоршы мен қорғаншылар отбасы кеңес алуға әлеуметтік педагогке жүгінуі керек..
Әлеуметтік педагогтің маңызды жұмыс бағытының бірі сақтандыру жұмысы болып саналады да оған кіреді:
— жасөспірімдерді әлеуметтердіру;
— шылым шегуден, ішімдік пен есірткі қолданудан сақтандыру;
— салауатты өмір салтын насихаттау;
— бос уақыттарын ұйымдастыру: үйірмелермен, спортпен айналысумен, еріктілер ісіне немесе әлеуметтік жобалалға тарту.
Мектепте әлеуметтік педагогтің жұмысы маңызды , өйткені осы қиын құқықтық қорғалмаған, отбасында қаталдықтың, балалар қылмысының артуы уақытында балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек өте керек.

Кейіпкеріміздің балаларға деген махаббаты ерекше жұмысқа келген кезінде сынып жетекшілікті де қатар алып жүрген, 2018-2019 жж мектеп бітірген 15 түлектің 8-і грант иегерлері атанған. Өткен жылы оқушысы Мағжан окуларынан облыста ғылыми жобасын қорғап, көзге түскен.

Мұғалім мамандығын таңдауына анасы себепші болған, кейіпкеріміз өмірлік ұстазы ретінде өз анасын көреді екен. Анасы да мектепте сабақ берген (физика-математика).

«АДАМ МАҚСАТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТҮСІНУ КЕРЕК»

Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Мақсаттарымыз орындалу үшін не істеу керек? Мақсатты қалай дұрыс қою керек?

Кез келген мақсаттың, мейлі ол жеке өміріңізге не мансапқа байланысты болсын, белгілі бір сапалық көрсеткіштері болуы керек. Егер сіз мақсатыңызды осы көрсеткіштермен өлшей отырып қоя білсеңіз, оған жету жолыңыз оңай, қадамдарыңыз жүйелі болады.

Нақтылық

Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте қиын болмақ. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. «Көлігім болса ғой…» дегеннің орнына, қандай маркалы, қай түсті көлікті қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың орындалуына қадамдар жасаңыз.

Мақсат өлшемі

Мақсатыңыз қай жағдайда орындалады? Мақсатыңызға өзіңізше өлшем бірлік беріп, шкала құрыңыз. Мысалы арықтаймын деп мақсат қойған арулар қанша килограмм салмақ тастағысы келетінін алдын ала белгілеген жөн.

Қолжетімділігі

Бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы. Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, алайда мақсатыңыз қол жеткізе алатындай болуы керек. Арманыңыз уақыт өте мақсаттарға айнала алады. Сол себепті армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қылыңыз.

Оындалу уақыты

Әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді.

Мақсаттың сапалық көрсеткіштерінің бәрін ұстана отырып, өзіңіздің мақсаттарыңызды қайта қарап шығыңыз. Мақсаттарыңыз жақын арада орындалуы әбден мүмкін.

Кейіпкеріміздің сөздеріне сүйенетін болсақ, ол кісі қазіргі білім беру жүйесіне қарсы. Себебі бұрынғыдай диктант жазу, бақылау жұмыстарын орындау деген жоқ. ТЖБ, БЖБ лардың жауаптары ғаламторда дайын тұр. 3ке оқитын окушы да, 5 ке скитын окушы да бір мәліметті көшіріп келеді. Окушылардың шынайыы бағасы шықпайды дейді!

«АДАЛДЫҚ -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.
«АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ»

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.
Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыз.