Мұғалім-зор тұлға, күннің құдіретті сәулесі сияқты

Шыны керек, ұстаз ғалымның да, батырдың да, ақынның да білімін үйрететін, төзіммен түлететін адал жан. Оның еңбегі әлемдегі қаншама сұлулық пен жылулыққа да тең. Шабытты шәкірттің  санасын шарықтататын, бұлақ көрсе көзін  ашатын, әлемге білімнің нұрын шашатын- ұстаз. Ай астындағы айбынды да аяулы, жер үстіндегі  жәннатым да жерұйығым –Қазақстанның деңгейін көтеру міне, солардың қолында. Мұғалімнің білім шекарасы кең болса, оқушының да ой-өрісі кең болады, ал, саналы ұрпақпен елдің болашағы жарқын болмақ. Мұғалім оқушының тәлімгері , тіпті сенім артар серігі десек артық болмас. Артылған сенімді ақтай алатын ұстаздың да келешегі кемел. Дарынды данагөйлердің ,  даңқты дарабоздардың өзі ұстаздар жайлы қалам тартпай өтпеген. Ұстаздың ел алдындағы мәртебесі тым биік, оны қадірлейтін, құрметтейтін, сыйлайтын халық бар. Мен ұстаздардың өзі ұстаздардан дәріс алғанын ойлап, тереңнен толғанып қарасам, алма-кезек дәуреннің құндылығы осында жатқандай. «Мектеп кеме- білім теңіз» дейді дана қазақ. Иә ,сол мектептің , білім орданың бетке ұстары, адамның тірегі –қаңқа болса, мектептің тірегі ол — ұстаз. Ой елегінен өткізіп ойланатын болсақ тәуелсіз еліміздің болашағын ойлар ақылды да айбатты, елін, атамекенін, туған жерін сыйлайтын патриот , пайымды ,түйінді санамен шешетін айбынды азаматты жетілдіруде ұстаздың орны бөлек, зор екені баршамызға аян.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес.

Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мен осы мамандықтардан мұғалім мамандығын таңдадым. Шынымды айтсам мамандық таңдаудан қатты қиналдым. Бірақ ата-анамның ойын тыңдап осы мамандықты таңдауды шештім. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Себебі оқыту бұл ұлағатты да ұлы іс. Ұстаздық, бала тәрбиелеу – зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарыту. Алға талпынған оқушының алдында  ұстаздың  жауапкершілігі зор. Сондықтан, оқытушылық жолды таңдауда, алдымен, мың ойланып, жүз толғану керек. Өйткені, ол – жауапты мамандық. Адамның адам болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы» — деп бекер айтылмаған. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  — әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.  Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз.

 

 

 

Бүгінгі кейіпкеріміз ұстаздық жолында жыл  ерен еңбек етіп шәкірттерінің жетістігіне қуанып содан шабыт алып жұмысын жалғастырып жүрген, Ахмедотова Рыхсы Бугешқызы. 1965 жылы 31мамырда Түркістан облысы, Шорнақ ауылы, Қызыл Әскер елді мекенінде дүниеге келген. Қызыл Әскер жалпы орта мектебінде білім алған, одан кейін ТПУ-не орыс тілі және әдебиеті пәні мұғаліміне оқуға түседі, бітірген соң, 1984 жылдан бастап Қызыл Әскер жалпы білім беретін мектепте мұғалімдік қызметін атқарады. 2005 жылы ҚХДУ-не жоғары білімді алу үшін оқуға тапсырады. 2008 жылы университетті сәтті аяқтап шығады. Жалпы еңбек өтілі 39 жыл. Биылдан бастап Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепке ауысқан.

Жетістіктері, республикалық деңгейде өтетін «Үздік педагог» байқауына қатысып, марапатталған. Аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Қазіргі таңда тәрбиелеген шәкірттерінің біраз бөлігі мектепте жұмыс істейді, түлектері Қазақстанның түрлі облыстарында оқиды. Бұл мамандықты таңдауына мектеп қабырғасында сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздары себепкер болған. Олардан үлгі-өнеге алып, осы салаға оқуға түскен, егер мұғалім болмағанда, заңгер немесе адвокат ретінде жұмыс жасайтын еді.

Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары жатады. Қоғамның дамуына біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12% — і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар», — деп тегіннен – тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамандықтарымызды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек! Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілігінің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.

Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте кем. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдар мен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымына келер болсақ, адал болуды, балаға дұрыс тәрбие беруді басты міндеті деп біледі. Әр істі соңына дейін тиянақты түрде жеткізіп, нәтижесін көреді. Басқаларға білімділік жағынан да, біліктілік жағынан да үлгі-өнеге болуға тырысады. Әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жасағандықтан, оларды толығымен тыңдап, жағдайын түсініп, дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Өз бойындағы қарым-қабілеттерді ашып, дамытып, жан-жақты мұғалім болып жұмыс істеуге талпынады.