Еңбек адамы Жанатаева Айгул Әлімханқызы
Ол-жас шәкірттің жүрегіне жол табушы, білім нәрін себуші десек аз болады. Балаң шәкірт-келешк ұрпақ. Бұл-ұстазға жауапкершілік.
Бүгінгі таңда еліміздің егеменділігін, тәуелсіз Қазақстанды үлкен өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, сол мектептің басты тұлғасы-ұстаз. Баланың адам болып қалыптасуында ұстаздың алар орны бөлек. Ұстаздық жол – қиындығымен қызық, ерекше мамандық. Қиындықты жеңе біліп, жауапкершілікті көтере білу кез-келгеннің қолынан келе бермесі анық. Олай болатын себебі, алдына келген жас жеткеншек баланың білімін, ой -танымын, өмірлік көз қарасын, қала берді алдағы өміріне мақсатына жол сілтеуші. Бала өсіп, білім алып өз өміріне қожалық еткенше ата-анасы қандай қиналса, ұстаз да сол тауқыметке қатар түседі.Сол себепті ұстаз үнемі ізденіп, әр шәкірттің балапанын ұясында баптаған құс секілді шыр-пыр болып, тер төгеді.
Барынша асыл қасиет, мол білім, тапқырлық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, өнерде ұстаз бойынан табылуы шарт.
“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”, – деген екен алғашқы ағартушы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин. “Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау”, – деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құран кітапта да жазылған екен. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Бердақ – Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.
Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде
Осы тәуелсіз мемлекетімізді өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаздардың қолында. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс¬тазға жүктелетін міндет ауыр», – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады
Мұғалім немесе оқытушы — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Бүгінгі кейіпкеріміз еңбек адамы Жанатаева Айгул Әлімханқызы 1985 жылы Шымкент облысы Түркістан қаласы қаратаудың етегінде Абай ауылында дүниеге келген. Әкесі Жанатайұлы Әлімхан мұғалім болған. Кейіпкеріміз де әке жолын қуып, мұғалім болған отбасында дүниеге келген. Кейіпкер 2008 жылдан бастап Қожа ахмет Ясауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен мұғалім ретінде жұмысқа орналасқан. Бүгінгі таңда еңбек өтілімі 15 жыл болған маман педагог шебері және бірлестік жетекшісі. Кейіпкердің бұл сала бойынша ауыз тартап айтарлық жетістіктері өте көп болған. Республиканы 3 рет бағындырып, жүлделі орынды қанжығаларына байлады.
Ең алғаш 2013 жылы Ергешова Малахатпен бірге «Тілге құрмет, елге құрмет» атты Республикалық байқауда 3 орынды ұтып алған. Одан кейін 2016 жылы Жарқын болашақ Республикалық байқауда Касенова Гулзара тілшілер бағыты бойынша Республикада 2 орында ұтып алып, Алматы қаласындағы Сүлеймен Демерал атындағы университетке тегін оқу грантын ұтып алды. Жеңімпаздардың жалғасы 2018 жылы Жарқын болашақ Республикалық байқауда Бабашева Касиет Республикада 2 орында бағындырып, Тараз қаласында орналасқан Мұхамет Хайдар Дулати университетіне тегін оқу грантын ұтып алды. Мың бала байқауының облыстық кезеңінде Юлдашева Рухшана есімді шәкірті 3 – орынды иеленіп, қырық мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болған.
Осының арқасында 2016 жылы және 2018 жылы Түркістан қаласы дарынды балаларды қолдау мақсатында «дарынды баладар форумында» қала әкімінің «Жылдың үздік педагогы» деген төсбелгімен марапатталған.
2022 жылы облыстық тамыз пед оқуында «Тыйым сөздер ұлттық құндылықтың бастауы» деген тақырыпта 5- сыныптарға арналған элективті курстардың күнтізбелік тақырыптық жоспарын құрастырып шыққан, және ол жұмыс оьлыс көлемінде таратылған. Одан бөлек аудандық шығармашылық топ мүшесі, әр түрлі байқауларға қазылық етеді. Түркістан білім басшысы да шығармашылық жұмыстары үшін «Құрмет грамотасымен марапаттады.
15 жылдық тәжірбие жылында кейіпкер тек педагог маман ретінде қызмет атқарған. Себебі мұғалім ретінде баламен отырып жұмыс жасай білу оңай іс емес дейді. Кабинетте қағазға көміліп отырғаннан, оқушымен жұмыс жасап, сол оқушының бойындағы шырағын жағуды жөн көретінін жеткізді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші әрбір оқушының білімге деген құштарлығын арттыру біздің қолымызды дейді маман.
Кейіпкеріміздің айтуынша қазіргі таңда заманауи білім бағдарламасында ұлттық құндылығымыздың жойылып кетуге аз ғана қалғанын ешкім ескермейді. Жаңа білім беру бағдарламасында жаңа кітап мазмұнына зер салып қарасақ, шынымен де ұлттық құндылығымыз, ұлттық болмысымызды бір шеткее ысырып қойғандай болып отырмыз дейді кейіпкер. Басқа пәндерден мүмкін жаңа технология, жаңа бағдарлама болғаны дұрыс шығар. Алайда қазақ тілі және әдебиеті пәнін ұлттық идеологиямен өткенді жөн көретінін жеткізді маман. Қазақ халқы кезінде баласын үш ақ ауыз сөзбен тәрбие берген, «ұят болады, обал болады, жаман болады» — деп, қазіргі кітаптардан тәрбие беретін құндылықты көру екіталай деп жеткізді кейіпкер.
Педагог – оқушының мектептегі екінші анасы сияқты болу керек. Әр бір келген шәкіртке өзінің баласындай жаны ашып, қарау керек. Ол бала жас көшет, мұғалім қалай баптайды ол солай жемісін береді дейді маман. Мұғалім қазіргі заманның тілімен айтқанда креативті болу керек, жаңашыл, заман ағымына сай іздену қажет, сонымен қатар жүрегі мейірімге толы болу қажет деп ойын ашық жеткізді.
Мектептегі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәне мұғалімі үйінде бала шағасына сааплы тәрбие беріп отырған ана. Айгул ана 4 баланың анасы, Азамат, Айдайым, Нұрсат сынды балалардың анасы олардың бос уақыты болмаса екен дейді. Сабақ уақытынан бөлек әр түрлі үйірмелерге қатысатынын жеткізді. Кейіпкердін өмірлік ұстанымы қалыптасуына ата анасы ықпал еткен екен. Абай Құнанбаев «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен дегендей» ата – анамның жасап жатқан іс әрекеттеріне қарап, өз бойыма тәрбие алдым» дейді педагог шебері. Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
Шын ұстаз — ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.