КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН БІРІККЕН ЖҰМЫС

Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқушылардың күзгі демалыс күндерін» және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Күтім ісі жөніндегі кіші мейіргер» мамандығының 9-сынып оқушыларына еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру, оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру және кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту мақсатында Ақсукент көпсалалы колледжінің өндірістік базасына кәсіптік саяхат ұйымдастырылды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және өндірістік оқыту шеберлері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, колледжде оқытылатын мамандықтарға сипаттама берді. Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасап, болашақ мамандығын таңдауға өз бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындап, болашақта мамандық таңдау керек екені жөнінде түсіндірді.
Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқушылардың күзгі демалыс күндерін» және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Слесарь-жөндеуші», «Тракторшы-машинист» кәсіптерінің 9-сынып оқушыларын кәсіптік ақпараттандыру, кәсіптік және техникалық оқу орындарының қызметі және бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ететін озық технологияларға негізделген жаңа тәжірибемен таныстыру мақсатында Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжіне саяхатқа апарды.
Колледж қызметкерлері оқушыларға оқу ғимараттарын, шеберхана, зертханаларын аралатып, кәсіби қызметінде жетістіктерге жеткен түлектер туралы айтып, оқу үдерісімен таныстырды. Заманауи ауылшаруашылық техникалары мен оқу шеберханаларына арналған құрал-жабдықтарды көрсетті. Оқушылар оқытушылармен жеке сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.