8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ҚАЙЫҢ ӨРКЕНДЕРІН КОНТЕЙНЕР ЫДЫСТАРҒА БӨЛІП ӨСІРУДЕ
Келес ауданы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрсұлтан Еркінұлы қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды.
Жас ғалым “Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану” тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Оның мaқcaты қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін зерттеу.
Нұрсұлтан өз алдына арнайы міндет те қойған. Ол Корель және Даур қайыңдары декоративті болғандықтан қайыңның бұл түрін сабағынан немесе жапырағынан көбейту арқылы медицинада және адам денсаулығы үшін пайдасын сипаттау болатындығын айтады:
— Ақсу, Балдыберек, Төңкеріс, Қасқасу елді мекендерінде өсетін қайың түрлерінің микроөркендерін бөліп алып Түркістан облысының көрікті жерлеріне отырғызып көгалдандыру жaғдaйындa зepттeу apқылы жaңa ғылыми дepeктep aлуға болады,-дейді.
Ғылыми жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Мамашов Сенбі шәкіртінің ғылымға деген ынтасын дұрыс бағытқа бұрып, оның ғылым жолына түсуіне өз үлесін қосуда. Мектеп мұғалімі оқушысымен бірге қайыңның жас өркендерін торфты таблеткаларға отырғызуға көмектесті. Алдағы уақытта Нұрсұлтан осы зерттеуін ғылыми жобалар байқауына ұсынбақ.