СОЗАҚ АУДАНЫ: ЖАС ӨРЕНДЕРДІҢ ТАҒЫ БІР ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті, себебі туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.
Созақ ауданы Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінде жылдағы дәстүр бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Тәрбиелік мәні зор шараға аудан әкімінің орынбасары Оразов Қ.Ә., майор Құлымбетов Қ.М., ауыл ардагерлері, Аманат партиясының өкілдері, әскерге шақырылғандардың ата-аналары, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Оразов Қалдыбай Әбілдаұлы сөз сөйлеп, аудан әкімдігі атынан болашақ сарбаздарға сыйлықтар табыстады.
“Айбын” әскери-патриоттық клубы мен “Мыңжылқы” мәдениет үйінің талантты жастары әскерге аттанушы жастарға арнап өнер көрсетті.