«АMANAT»: Көшпелі отырыс өтті
Алдағы уақытта өткізілетін Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының және облыстық тексеру комиссиясының есебі қаралмақ. Осыған орай, облыстық мәслихаттың Бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Сайрам ауданында өткізілді.
Көшпелі отырысқа тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков басшылық жасап, жүргізді. Сондай-ақ, жиынға “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Облыстық тексеру комиссиясының төрағасының м.а А.Жиенбеков, Сайрам аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Р.Рұсқұл қатысты.
Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімінде басталған отырыс, Сайрам ауданы әкімдігінде жалғасын тапты. Комиссия мүшелері Облыстық тексеру комиссиясы төрағасының м.а А.Жиенбековтың Сайрам ауданындағы тексеру қорытындылары туралы хабарламасын тыңдады.
Облыстық мәслихаттың Бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Н.Жамалбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойныша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын және қандай мекемелерде жұмыстар атқарылылғандығын, кемшіліктер бойынша облыстық мәслихат дерутаттарына тұрақты түрде ақпарат беріп отыруларын сұрады.
Ал, облыстық мәлихаттың депутаты Д.Әбіш, тексеру комиссиясы ашықтықты қамтамасыз етіп, “Жаңа Қазақстанды” құруда жұмыстар жүйелі болуы керек және халықты тұрақты түрде барлық ақпарат көздері арқылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен хабардар етіп отыру қажет екендігін атап өтті.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімін, Ішкі саясат бөлімін және Ақбұлақ а/о тексеру жұмыстарымен танысып, бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды. Сондай-ақ, Сайрам аудандық “Жастар ресурстық” орталығының құрлысы үшін қаржы қарастыру мәселесі сөз болды.