ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 24 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ МАГИСТРАЛЬДЫ КАНАЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР
Ордабасы ауданы Қараспан елдімекенінде жалпы ұзындығы 24,3 шақырымды құрайтын «Қараспан» магистральды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.
Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ң өкілі Самат Ергешбаевтың айтуынша, каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған. 2024 жылдың соңында канал пайдалануға берілетін болады.
Тапсырыс беруші — Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы болса, мердігер мекеме — «Мелиоратор» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 344 млн 721 мың 906 теңге.
Айта кетерлігі, канал толық аяқталған уақытта аудандағы 6 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді.