НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ИППОДРОМҒА АВТОБУСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады.
Жол ақысы — 70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады.
Орталық стадион:
Уақыты: 08:00-19:00;
Автобус саны — 8.
Бағыты: Мәделі қожа, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Бәйтереков, Қ.Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы)
Уақыты: 08:00-19:00;
Автобус саны — 7.
Бағыты: Н. Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Қ. Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
«Шымкент Сити» шағын ауданы:
Уақыты: 08:00-19:00;
Автобус саны — 3.
Бағыты: Алматы айналма жолы;
«Тұран» шағын ауданы:
Уақыты: 08:00-19:00;
Автобус саны – 1.
Бағыты №7 көше, Алматы айналма жолы;
Тұран-2» шағын ауданы:
Уақыты: 08:00-19:00;
Автобус саны — 1;
Бағыты- №10 көше, Алматы айналма жолы.