БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСҚА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Қалалық жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен студенттерге мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
Атап айтар болсақ, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектері жұмыспен қамту бағдарламаларының талаптарымен танысты. Соның ішінде Жастар бизнесіне жол ашатын 2,5 пайызбен берілетін микронесие шарттарымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» бағдарламаларының талаптары түсіндірілді.
Айта кетейік, биыл Шымкентте 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.