«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЗАМАТТАРДАН ТАЛАП-ТІЛЕКТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР ЖИНАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫР
Бүгін партия өкілдері Шымкент қаласының Азаматтық альянсы ғимаратында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен азаматтардың ұсыныс, талап-тілектер жинау бойынша кездесу өткізді.
Кездесуде қала тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін жолға қою, экологиялық жағдайды жақсарту, зейнет жасын төмендету, азық-түлік бағасын бақылау және кейбір дәрі-дәрмектерді тегін беру және жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыру, бизнесті дамыту, жалақы және тағы да басқа түйінді мәселелер төңірегінде ұсыныстар айтты.
Айта кетейік, заңнамаға сәйкес қазіргі таңда партияның Қоғамдық қабылдау бөлімдері азаматтардан ұсыныстар мен тілектерді жинау мен талдауды ғана жүргізеді, өзге қызметтер тоқтатылды.