МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.
дереккөз: Aqorda.