2024 ЖЫЛЫ АБАЙ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2024 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Бұл туралы Абай ауданының әкімі брифинг барысында мәлімдеді.
Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ, Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Айта кетейік, Абай ауданы аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындарын 2023 жылға дейін шешу жолы қарастырылуда.