2023 ЖЫЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ 100% БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 543 аулаға біріктірілген.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.
2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.
2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.