2023 ЖЫЛЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АУМАҚТАР АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

2022 жылы Еңбекші ауданы бойынша ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған болатын.

Бүгінде Еңбекші ауданына қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда.

Жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізіп қазіргі таңда жұмыстар аяқталу үстінде. Аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.

Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында — 340 учаске, Оңтүстік-Жаңақұрылыста — 989 учаскеге жобалау сметалық құжат әзірленуде.
2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтары 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады.