Зорлық зомбылықсызға арналған жиын өтті
Ағымдағы жылдың қазан — желтоқсан айлары аралығында «Бейбіт болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы бейбітшілік, зорлық, зомбылықсыз қауымдастық», «Үлгілі отбасы, тең мүмкіндіктер», «Көшбасшылық мектебі», «Демографиялық өзгерістер, негізгі ұғымдар және халықаралық тенденциялар контекстіндегі отбасылық саясат» тақырыбындағы семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жалпы семинар-тренингке қатысқандар саны — 569. Сонымен қатар, облыстың аудандарындағы отбасылық проблемаларын зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға анықтама берілді.