ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жыршы-термешілердің қатысуымен шығармашылық кездесу өтті.Аталған кездесудің мақсаты – атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнерді алқалы әлеуметке боямасыз ұсыну және дәстүрлі өнерді жастар арасында кеңінен дәріптеу.Іс-шараға ҚР мәдениет үздігі, республикалық конкурс лауреаты, Шымкент саз колледжі ән салу бөлім меңгерушісі, дәстүрлі әнші, термеші — Жақып Сынабайұлы, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының ұстазы, термеші — Құнанбай Егенбердіұлы, саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы, әнші, термеші — Ербол Байзақұлы мен қала жастары қатысты.Кездесуде болған термешілер алдымен терменің шығу тарихын баяндап, халық арасында кеңінен танылып жүрген термелерден сыр шертті.

-Терме – ата-бабамыздан бізге аманат болып жеткен, дәстүрлі өнер түрі. Халықтың мұң-мұқтажы, іште бүккен сырларын баяндайтын сондай бір керемет лирикалық өнер. Термені ары қарай халық арасында дәріптеу біз бен сізге аманат,- деді термеші Жақып Сынабайұлы.

Айта кетейік, бұндай шығармашылық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.