ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК, ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ
2025 жылы Шымкент қаласында жоғары технологиялық медициналық көмек аясында 1 502 ота жасалды. Оның ішінде бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы табысты жүзеге асырылды. Қалалық перинаталдық орталықта неонаталды хирургия және «Бір күндік клиника» бөлімшесі жұмыс істей бастады. Мұнда жаңа туған сәбилерге күрделі оталар жасалып, сәттілік көрсеткіші 91,7%-ды құрады.
Қаланың медициналық мекемелерінің ұлттық аккредитациядан өту көрсеткіші 58,6%-ға жетті. 2022 жылдан бері 43 мекеме аккредитациядан өтті. Бұл – медициналық қызмет сапасын арттырудағы маңызды қадам. Сонымен қатар, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға баса назар аударылып отыр. 2024 жылы Ресей мен Түркия елдерінде 46 дәрігер оқытылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 116-ға жетуі жоспарлануда. Жергілікті мамандар үшін халықаралық шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, заманауи әдістер меңгерілуде. Бұл деректерді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында жария етті.
Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=OMkugETZPE8
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ