ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІШ БЕРУ 5 МИНУТҚА ЖЕТПЕЙ АЯҚТАЛДЫ

Елімізде 4 пайыздық автонесие бағдарламасы басталмай жатып аяқталды. 5 минутқа жетпей бір айға белгіленген тізім толып қалған.

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайтынын хабарлаған. Ал өтінім беру үшін арнайы autonesie.kz сайты әзірленді.

Десе де, бүгін сағат 10:00-де өтінім беру ашылғанымен 5 минутқа жетпей тоқтап қалды. Яғни, азаматтар 4 пайызбен көлік алу лимитін толтырған. Осылайша 760 адам алғашқы топ тізіміне еніп отыр. Сайтта қайта өтініш берем десеңіз келесі кезеңді күту туралы хабарлама шығады.

Бағдарламаның басты ерекшелігі өтінім беру ай сайын жүргізіледі. Осы арқылы 10 миллионға дейінгі қаржыны бастапқы жарнасыз жеңілдетілген пайызбен рәсімдеуге болады.

дереккөз: Экспресс К