ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығының” мамандары Ақсукент ауылдық округіндегі
№97 Сұраншы Батыр атындағы жалпы орта мектепте жастармен кездесіп, жастар саясатын түсіндерді.
Атап айтқанда, А.Кунакбаева жастарға білім алуға, оларды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайында айтып өтті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында “Жастар ресурстық орталығының” Сайрам аудандық емханасының нарколог, психолог және гинеколог мамандары және Сайрам АПБ ЖПҚБ ЮПТ нің инспекторы Ш.Сайпов мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, тренинг өткізді.
Сондай-ақ, оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қадыржан Нұрбол сөз сөйледі.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.