Жастармен жұмыс жүргізу басты назарда
Қазіргі мәлімет бойынша, облыс халқының 29 пайызын жастар құрайды. Аймақта жастар саясатын қолдайтын көптеген ұйымдар ашылып, түрлі орталықтар жұмыс істеуде. «Соған қарамастан, жасөспірімдер қолымен жасалатын ауыр қылмыс түрлерінің көбеюі жастардың қоғамдық санасының өзгергенін көрсетеді» деді дөңгелек үстелге қатысқандар. Тәрбие басы – отбасынан басталатынын баса айтқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қылмыстық оқиғалар көбіне ата-ананың қадағалауынсыз, бақылауынсыз қалған жастардың қолымен жасалғанын жеткізді. Өткен жылғы мәлімет бойынша, 1200-ден астам ата-ана бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биылғы жылдың басында қаланы шулатқан қайғылы оқиғаға да туған күн кешін үлкендердің қатысуынсыз өткізуге рұқсат берген ата-аналар кінәлі. Себебі төбелеске қатысқан жасөспірімдердің тәртібі мен мінезі, үлгерімі мұғалімдер тарапынан «жақсы» деп бағаланып келген.
Жиын барысында «жастар арасындағы қылмысты азайту үшін білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламасына бірлік пен татулықты, достықты және ұлттық тәрбиені жастар бойына сіңіру туралы өзгерістер енгізу» деген ұсыныстар айтылды. Себебі соңғы кездері жастардың құқықтық білімін жетілдіру үшін жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен кәмелет жасына жетпеген жастар мен олардың ата-аналарымен кездесулер өткізуге мән беріле бастапты. Жақында сондай кездесулердің бірі №14 мектепте өтті. Мектеп оқушылары қалалық ішкі істер басқармасы мен жас кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесті. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, облысымызда өткен жылы жасөспірімдердің қатысуымен жасалған ауыр қылмыс түрлері көбейіп отырғанымен, жалпы қылмыс саны 21,6 пайызға төмендепті. Былтыр 109 қылмыс жасалса, оның 60 пайызы ауыр қылмыстар. Қылмыстық оқиғалар көбіне қоғамдық жұмыспен айналыспайтын, бос жүрген жасөспірімдердің қатысуымен орын алады екен. Спорттық үйірмелерге қатысып жүрген жасөспірімдердің айтуынша, рухани әлсіз балалар, өз күштеріне сенбегендіктен, суық қару қолдануға бейім келетін көрінеді. «Тәрбиелік мәні зор мұндай кездесулер алдағы уақытта барлық оқу орындарында жалғасын табады».
Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір бір құрамдас бөлігіне – құқықты бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады. Бүгінде кеңінен таралған жазаның түріне кінәліні қоғамнан мәжбірлеп бөлектеп, құқықтық шектерден тұратын басбостандықтарынан айыру жатады. Басбостандығынан айырылуға сотталғандар жазаларын түзету және тәрбиелеу колониясында өтейді.
Жазаны өтеу орындарында жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:олар жабық және бөлектенген мекемелерде жүзеге асырылады;оның обьектісіне әлеуметтік жағынан жағдайсыздығы жоғары индексті және стреске бейімдігі жоғары тұлғалар жатады;«түрме персоналы» және «түрме әлемі» деп аталатын менталитетке негізделген этико – құқықтық тұжырымдарға қарсы келу антогонизмінің жағдайында жүргізіледі; ол жазаны өтеп болғанннан кейін де тоқтатылмайды, себебі бұрынғы қамаудағы адам сыртқы ортаға бейімделуі қайта әлеуметтендіруді қажет етеді.
Бас бостандығыннан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қалыпты әлеуметтік ортаға қалыпты жағдайларға қайта бейімделу процесі өте күрделі құбылыс, интеллекті, құқықты сезінуі, мораль, білімі, мамандығы, еңбек дағдылары т.б жатады. Басты рөлде мұнда отбасы ойнайды. Егер сотталған отбасының әл –ауқаты жақсы болса, ол әлеуметтік бейімделуі үшін оңай болады, ол жұмысқа орналасуға немесе оқуға көп септігін тигізеді. Егер отбасы қандай да бір себептермен жазасын өтеу орындарынан келген ұлына немесе қызына қатысты өз міндеттерін орындай алмаса, онда мұндай отбасыларымен шаралар кешенін қолданған дұрыс.
Теріс жолға түсіп кеткендерге қолдау көрсеткен әлеуметтік қызметкер оның отбасына әсер етіп, онымен дұрыс қарым – қатнас орнауына жағдай жасауы керек, ол әлеуметтік оқшаулануды жеңуге, жаңа әлеуметтік топтарға ықпал етуіне көмектеседі.
Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
Жастар ортасындағы теріс мінез – құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші – балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектегі жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педогогикалық бақылаумен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірілері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата – анасынан ( немесе қамқорлығынан ) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары ( қамқоршылары ) балаларына тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл –ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201 1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір – екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту да көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Қараусыздық пен қаңғыбастық – баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:алғашқы қоғамдық ырғақтан ( оқу, еңбек ) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды, себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, көпшілігінің білімдері орта және арнаулы орта; қылмыс үшін және криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары; әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитарлық жағдайлада өмір сүруінен олар көбінесе әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары
болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмастан бұрын, қараусыздықты болдырмау, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды. Әлеуметтік – экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынандай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік – экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік – психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысудың көбеюімен, ата – анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл – күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, таксикомания, нашақорлық жатады.
Қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез –құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3 – 4% осыларға жатады деген болжау бар.