Жастардың құқықтық сауаттылығы — уақыт талабы

Мәдениет және ақпараттандыру министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Түркістан облыстық қоғамдық бірлестігі Жетісай ауданындық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде “Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің” акт залында колледж ұжымы және жастарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында “Жас қыран” жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы” облыстық филиалының төрағасы Әмір Әбдісалам Алдиярұлы, аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Насирбаев Нұрдәулет, Жастар ұйымы инспекторы Абишева Динара Әуелбекқызы сондай-ақ Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің “Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар” жөніндегі бөлім басшысы, ефрейтор Касымбеков Дидар қатысып, сөз сөйледі. Мұғалімдер мен студенттердің сұрақтарына Заң аясында жауап берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық үнпарақтар таратылды.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда, білім беретін ұйымдарда құқыққа байланысты кешенді шараларды жүргізу маңызды. Осы бағытта мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: Еліміздің заңдары мен халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық білім беру, оны насихаттау мақсатында құқықтық лекториялар жүргізу маңызды. Ол жұмыс түрі арқылы заңды білу жүзеге асырылады. Оны жүргізу барысында көркем фильм, деректі фильмдер көрсету мәнін ашады. Жағдаяттық практикум –құқықтық тәжірибені байытады. Оның барысында адам құқығының бұзылуы сипатындағы жағдаятқа тап болғаны сұрап, шешімін табуға жетелеу керек. Немесе құқыққа байланысты мәселені қойып, соны шешуге бағытталады. Кездесулер ұйымдастыру- құқық қорғау, заң саласында қызмет жасап жүрген мамандармен арнайы кездесулер ұйымдастыру арқылы,құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастыруға бағыт беріледі. Пікірталастар ұйымдастыру – құқыққа байланысты талас тударатын мәселе төңірегінде түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы, жинақтаған ақпаратымен бөлісу, ғылыми-танымдық көзқарасты білдіру арқылы құқықтық сауаттылыққа жол ашады.

Аталған шаралар адамның саяси-құқықтық көзқарасын қалыптастырады, құқықтық мәдениетінің көтерілуіне орта құрып, ықпал етеді. Жалпы құқықтық мәдениетті қоғамдық іске айналдыру бүкіл қоғамның ісі.