Жастарды еңбекке баулып қана қоймай, спортпен айналысуға да ықпал жасау қажет.


Түркістан облысының құрылғанына 5жыл толуына орай волейболдан 2009-2010 жылдар арасында ұйымдастырылған Түркістан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Сауран ауданы Ескі Иқан ауылында өткен чемпионатқа 13 команда қатысып, Сауран ауданының волейболшылары күміс жүлделі 2 – орынға ие болды.
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды
шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады.
Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар
орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Чемпионатта жеңіске жеткен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз.