«Жастардан – жастарға ақпараттық керуені»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті
Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында «Жұмыспен қамту» және «Отбасы банк» мамандарының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шараның мақсаты — жұмыссыз жүрген түлектермен жас мамандарға жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру. Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Орталық Азия Инновациялық Университетінің бітіруші түлектеріне жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттар берілді.
Атап айтқанда:
— Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары;
— «Жастар практикасы»;
— «Алғашқы бос жұмыс орны»;
— «Жастар» бағдарламасы;
— «Жас кәсіпкерлерді қолдау» бағдарламалары насихатталды. Кездесу барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сұраққа толық жауап алынды. Айта кетейік, Шымкентте 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында «Жастардан-жастарға ақпараттық керуені» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Жәрмеңке Еңбекші ауданына қарасты шалғайда орналасқан Тоғыс елді мекені Мұнайбарлаушылар ауласында өтті. Ақпарттық керуенге «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары, «Отбасы банк» және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мобильді топтары қатысты. Жәрмеңкеде топ мүшелері жұмыссыз жүрген тұрғындар мен жас мамандарға жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді. Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов шалғай елді мекендерінде ұйымдастырылып жатқан жобаның мақсаты – NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету деп атап өтті.